Ақпараттар ағыны
Тараз ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің қызметкерлері биылғы мерейтойлар жылына байланысты «20 ізгі іс» жобасының аясында Н.Тілендиев атындағы көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына арналған мектеп-интернатына барды. Олар ұлы композитор Нұрғиса Тілендиевтің тоқсан жылдық мерейтойына арналған мерекелік шараға қатысты. Кездесу барысында департамент басшысының орынбасары Ғалым Тұрсынбаев еліміздің бай тарихын, дәстүрі мен мәдени мұрасын сақтау және өркендету маңызды екендігін атап өтіп, қажетті музыкалық аспаптар сатып алуға ұжым атынан қайырымдылық көмек көрсетті. Жуалы Жеке кәсіпкер Нұрлан Ортаев басқаратын «АгроАзықНанЖабдықтау» ЖШС (бұрынғы «Алтын дән») бүгінгі таңда Қытай, Ресей, Чехия мемлекеттерінің озық үлгідегі аппараттарымен жабдықталған. ЖШС сұйық май шығару және түрлі пайдалы витаминдер қосылған мал және құс азықтарын шығарумен айналысады. Сонымен бірге ЖШС бүгінгі күнге дейін шаруа қожалықтарынан 20 мың тонна бидай қабылдап, тазалап, сақтап берсе, үстіміздегі жылдан бастап тағы екі қойманы күрделі жөндеуден өткізіп, 25-30 мың тонна бидай сақтауға қол жеткізбек. Қордай Тұрғындарға күнделікті тұрмыста аса қажет тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында аудан орталығындағы «Дастай ата» базарында әлеуметтік дүкен жұмыс істей бастады. Онда тұтынушыларға азық-түлік және басқа да тауарлар төмендетілген бағамен ұсынылады. Талас «Нұр Отан» партиясының Талас аудандық филиалының ұйымдастыруымен ауданның бір топ мәдениет, өнер өкілдерімен Қазақ хандығының 550 жылдығы туралы дөңгелек үстел өткізілді. Онда Қаратау гуманитарлық-техникалық инженерлік колледжінің директоры Д.Мәселбеков, партияның аудандық филиалы төрағасының орынбасары Т.Жұмабек, ауданның Құрметті азаматтары Б.Көлбайұлы, Т.Сейдуанов сөз алып, ел тарихына қатысты ой-пікірлерін ортаға салды. Сарысу Ауданда жүріп жатқан сенбілік барысында Шоқай датқа мектебі 100 түп алма, 70 түп шие, 30 түп өрік көшеттерін отырғызды. Ал Байқадам, Ж.Отарбаев, Қызыл диқан орта, Үшбас негізгі мектептерінің ұжымдары 100 түп алма талдарын екті. Жалпы мектептер мен балабақшаларда 1000 түп алма талы көшеттері егілді. Сенбілік әлі жалғасуда. Шу Шу аудандық көлік прокуратурасында прокуратура қызметкерлері, заң органдарының өкілдері және темір жол саласының мамандарының қатысуымен конференция өтті. Ондағы күн тәртібінде қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жұмыс деңгейі, темір жол арқылы тасымалданатын жүктің сақталуын қадағалау мәселесі сөз болды.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді