Ел есінде ерлігің
Редакциямызға бірнеше ән-күйдің авторы Асылбек Жыңғылбаев ат басын бұрып, халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың рухына арналған «Ел есінде ерлігің» атты әнін ұсынды. Әні: Асылбек Жыңғылбаев. Сөзі: Құрманғазы Демешов. Ғасырлармен жаңғырып,
Көрген жанды таң қылып.
Тұран Тараз жерінен,
Батыр шығу – заңдылық.
Бейбіт күннің батыры,
Елінің бұл тірегі,
Ел деп соқты ақыры,
Ғазиздың жан жүрегі.
Қайырмасы:
Ел есінде ерлігің,
Сақтап қалған елдігін.
Батырлармен кешегі,
Терезең де тең бүгін.
Бабалардан рух дарып,
Ерлік үрдіс сақталып.
Жүрсін ұрпақ ертеңгі,
Өзімен мақтанып.
Сыйлы едің кім-кімге,
Шуақ шашып күлкіңде.
Ұмытылмас есімің,
Аңыз болдың бұл күнде.
Сағынады сан құрбың,
Бастауы бұл ән-жырдың.
Өз-өзіңе ескерткіш,
Ерлігіңмен қалдырдың.
Ұқсас жаңалықтар
Қаламгердің шығармасы өз дауысымен жазылады
- 5 наурыз, 2026
Ақжал ақын Серік Томановтың туғанына – 70 жыл
- 4 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




