Нью-Йорктегі World Car of the Year конкурсы аясында "Жылдың үздік автокөлігі" анықталды, - деп жазды Express-news.ru.
2014 жылдың көктемінде таныстырылған Mercedes-Benz C-Class седаны "Әлемнің үздік автокөлігі - 2015" атанды. WCOTY конкурсының қорытындысы Нью-Йоркте өткен арнайы автошоуда жарияланды.
"Жылдың үздік автокөлігі" титулына Mercedes автокөлігінен басқа жаңа Volkswagen Passat B8 және Ford Mustang автокөліктері үміткер болған. Осы компанияның Mercedes-AMG GT автокөлігі "Жылдың үздік спорттық көлігі" атанса, Mercedes-Benz S-Class Coupe "Жылдың үздік люкс автокөлігі" болды.
"ЭКО" категориясы бойынша бірінші орынды BMW i8 футуристік гибриді, "Үздік дизайн" категориясы бойынша Citroen C4 Cactus кроссовері алды.
Еске салайық, былтыр World Car of the Year конкурсының жеңімпазы Audi A3 болған. Соңғы он жылда VW Group моделі алты рет жеңімпаз болды.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




