жеткізбек болған наркодилер қолға түсті
ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің, облыс ІІД ЕБҚКБ және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының, сондай-ақ Қырғыз Республикасы ІІМ қызметкерлерімен бірлесіп өткізген жедел-іздестіру шараларының барысында Қордай-Шу автодаңғылының бойындағы Шу ауданына қарасты Белбасар кентінің маңында «Мерседес-Бенц» көлігінің иесі ұсталды. Көлікті Бішкек қаласынан Санкт-Петербург қаласына бет алған Ыстықкөл облысының тұрғыны 1975 жылы туған К. есімді азамат басқарған. Автокөлікті тексеру кезінде арнайы жабдықталған құпия орыннан жалпы салмағы 15 килограмм 240 грамм есірткілік героины бар 16 брикет табылып, тәркіленді. Брикеттер «Парящий орел» және «777» сандары бейнеленген араб әліпбиімен жазылған мөрмен таңбаланған. Бұл оның Ауғанстан Ислам Республикасында дайындалғандығын көрсетеді. Осы дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігімен (ірі көлемдегі есірткі заттарын сату мақсатында заңсыз дайындау, есірткі заттарын пайдалануға арналған орынды ұйымдастыру және ұстау, есірткі заттарын, психотроптық заттарды сату немесе салып жіберу) қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған күдікті Шу АІІБ уақытша ұстау түрмесіне қамалды. Онда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Шопырхан Жапабаев, облыстық ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы.
Ұқсас жаңалықтар
Дропперліктен аулақ бол!
- 6 желтоқсан, 2025
Тараптар арасындағы дау медиациямен шешіледі
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




