Қазіргі таңда әлеуметтендіру мәселесі қоғамда үлкен мәселеге айналып тұрғаны анық. Жастар, болашақ мамандар ертеңгі күні алыстағы ауылдарға барып, педагогтік қызметтерін бастайды. Алдарынан нендей қиындықтар, кедергілер күтіп тұр – олар соның бәріне де төзімділік, ең бастысы, өздеріне тағдырларын сеніп тапсырған жас ұрпақтың саналы, тәрбиелі болып өсулеріне білімділікпен, біліктілікпен атсалысулары тиіс. Қарап тұрсақ, өмір деген ағып жатқан су сияқты. Қазір біз жастарға қандай тәрбие, білім берсек, болашақта соның жемісін көреміз. Отбасындағы, қоғамдағы, институттағы тәрбие бір-бірімен өзектесе өрілуі де оң нәтижелер береріне сенімдіміз. Жастарды ұлт болашағын ойлауға баулып, танымдық көкжиегін кеңейте тәлім-тәрбие беру қажет іс. Тұлғалық қалыптасуы, шығармашылық әрекеттерінің жетілуі бәрі де тәрбиемен сіңіріледі. Бұл ретте институтымыз жанындағы тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі орталықтың жастарға берері мол болып отыр. Орталығымыз екі жыл бұрын ректорымыз Дария Қожамжарованың тікелей бастамасымен ашылған-ды. Бізге көп жауапкершілік жүктеліп отыр. Алда атқарар қыруар іс тұр. Жастардың тұлғалық-шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру секілді екі ауқымды бағытта жұмыстарды үйлестірудеміз. Бұл секцияларда ұлттық рух, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту, ата тарих, төл мәдениетіміз кеңінен таныстырылады. Сондай-ақ, жалпы қоғамда, елде, қала, облыс көлемінде өтетін шаралардың тәрбиелік маңызын студенттер жүрегіне жеткізу мәселесі орталықтың тәлім-тәрбиелік жұмыстарында бірінші кезекте қарастырылады. Ал еліміздегі білім беруді дамыту тұжырымдамасы басты ұстанымымыз болып қала бермек.
Лескүл ИБРАИМОВА, ТарМПИ-дың «Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі орталығының» басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді