Дихандар дала төсіне шықты
«Көктемнің бір күні – жылға азық» дейді дихан. Көктемнің әр күнін ұтымды пайдалануға тырысқан дихандар уақытпен санаспай тер төгуде. Ауданда «Нариман» шаруа қожалығы табысты шаруашылықтардың бірі. Олар жыл сайын егін алқаптарынан мол өнім алуда. Қазіргі таңда қожалық жаздық арпаны егін алқабына ойдағыдай сеуіп, агротехникалық мерзімді сәтті аяқтап келеді. Олар 300 гектар егістікке жаздық тұқым септі. Енді 250 гектар алқапты алып жатқан күздік егіннің бой алып кетуіне қажетті ылғалдылықты сақтау шараларын қолға алуда.
Суретте: «Нариман» ШҚ жетекшісі Тұрар Теңізбаев механизаторлар Б.Жұмаділов, В.Корсунов және Ю.Зоненшельдпен бірге.
Суретті түсірген Петр Норкин.
Шу ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Отбасы бюджеті: жоспарлау, кіріс пен шығысты басқару
- 22 қаңтар, 2026
Ет те көп, сүт те көп
- 20 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




