Ұлыбритания 6 сәуірден бастап визаны рәсімдеу үшін жиналатын алым мөлшерін ұлғайтуды жоспарлап отыр, дегенмен алаңдауға еш негіз жоқ. Кәдімгі туристік визаның құны болмашы шамаға өспек, деп елдің ішкі істер министрлігі хабарлағанын жазады BNews.kz 6 ай мерзімге жарамды туристік виза 2 фунт стерлингке, яғни 85 фунт стерлингке дейін қымбаттайды, екі жылға арналған туристік визаның құны 24 фунтке, 324 фунтке дейін көтеріледі. Ал академиялық визаның бағасы бірден екі есеге шарықтамақ: алты айға жарамды виза бұған дейін 83 фунт тұрса, енді оны 162 фунт стерлингке сатып аласыз. Сондай-ақ осы кезге дейін тегін болып келген қысқа мерзімді оқу визасы үшін 85 фунт стерлинг төлейсіз, деп жазады Ruconnect.co.uk. Шетелдік бизнес өкілдері мен журналистердің визасы бұрынғыдан сәл қымбат тұрады: 514 фунттен 535 фунт стерлингке дейін көтеріледі. Қазір фунт стерлингтің теңгеге шаққандағы бағамы 274,06 теңгені құрайды.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл мен Түркістан облыстарын жалғайтын күре жол жабық
- 10 наурыз, 2026
Жаңа үйлерде пошта жәшігі неге жоқ?
- 9 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




