Жас ақындар елдікті жырлады
Жамбыл ауданында «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» атты жас ақындардың жыр мүшәйрасы өтті. Оған 13 пен 18 жас аралығындағы «өлеңге таласы бар» жас таланттар қатысты. Игі шара егемен еліміздің ұлттық тарихы мен даму белестерін, әлемдік өркениет биіктерінде қол жеткізген жетістіктерін, Отанымыз бен халқымыздың өршіл тұлғасын, дәстүрін нығайту мақсатына негізделді. Жыр бәйгесі сол үдеден шықты деуге болады.
- Ауданымыз таланттан кенде емес. Ақындарымыз да, батырларымыз да жетерлік. Бүгінгі жыр мүшәйрасы соны тағы айғақтай түсті. Қатысқан жас ақындардың барлығы дерлік тақырып аясында жақсы өлеңдер жазғанын байқадық. Олардың балаң жүректерінен шыққан шығармаларында бойларындағы отансүйгіштік, ұлтжандылық, ел ертеңіне деген сенім көзқарастары аңғарылып-ақ тұрды. Әсіресе, жас дарындарымыз патриоттық тақырыптағы өлеңдерінде мемлекетіміздің жеткен биігін жан-жақты жырлағаны бізді қуантты, – дей келе, аудандық Мәдениет үйінің директоры Индира Тоғанбаева мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтты.
Иә, елдікті, ерлікті, жасампаздықты барынша көркем тілмен жеткізген жас таланттарды іріктеу қазылар алқасына оңайға соқпады. Нәтижесінде, Аса ауылынан келген Ақгүл Айдарбекова I орынды жеңіп алса, II орынға пионерлік Айғаным Шайкен лайық деп табылды. Ал айшабибілік Рауан Сейтжанов жүлделі III орынды қанағат тұтты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер көпшілікке оқып берген өлеңдері арқылы алдағы Президент сайлауына деген өздерінің көзқарастарын танытып, үлкенді-кішілі тыңдармандар мен көрермендерді саяси науқанға бір кісідей қатысуға шақырды.
Жамбыл ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді