Патриоттық әндер шырқалды
Тұрар Рысқұлов ауданының орталығы Құлан ауылында «Менің елім – Қазақстан» тақырыбында патриоттық әндер байқауы өткізілді. Жастардың патриоттық сезімін арттырып, ұлтаралық татулықты нығайтуға арналған өнер аламанына мектеп оқушылары қатысты. Аудандық Мәдениет үйі мен жастар орталығының бірлесе ұйымдастыруымен өткен шарада ұлттық рухты жанитын патриоттық әндер шырқалды.
Нәтижесінде Т. Рысқұлов атындағы орта мектептің оқушысы С. Жаулыбай бас жүлдені иеленсе, №1 мектеп-лицейдің оқушысы Ж. Жұмабаев 1-орынға, №2 орта мектептің оқушысы Ә. Қазбайтегі 2-орынға, Ш. Уәлиханов атындағы орта мектептің оқушысы А. Азимова мен №1 мектеп-лицейдің оқушысы Н. Сайлаубек 3-орынға лайық деп танылды. Байқауға қатысушылар жұртшылықты кезектен тыс сайлауға белсене қатысуға шақырды.
Т.Рысқұлов ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Дәстүр заманауи дизайн тіліне айналады
- 27 сәуір, 2026
ASPARA FASHION WEEK Сән – энергия бар жерде туады
- 27 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




