Дала төсіндегі дүбір

Дала төсіндегі дүбір
ашық дереккөз
Дала төсіндегі дүбір
Өткен күзде 17500 гектарға күздік бидай тұқымын сепкен қордайлықтар енді  көктемгі  дала  жұмыстарын қарқынды жүргізуге қам жасап жатыр.  Алдағы күндері арпа – 25000, дәндік жүгері – 6500, майлы дақылдар – 8200, оның ішінде 1400 гектарға қытай бұршағын, мақсарыны – 6000, күнбағыс – 800, сондай-ақ, көкөністі – 3800, бақша өнімдері – 600, картоп – 2400, жоңышқа – 1500, сүрлемдік жүгері 900 гектар алқапқа егіледі. Сонда биылғы барлық егістік көлемі күздік бидайды қоса есептегенде 107 700 гектарға жетіп, былтырғыдан 6400 гектарға артпақ. Сонымен қатар, қант қызылшасын егетін шаруашылықтарды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көктемгі дала жұмыстарын тиімді мерзімде ұйымдастыру шаралары қолға алынды. Бүгінге дейін сүдігер көтерілген алқаптардың 8710 гектарында жер өңдеу жұмыстары жүргізілсе, 2200 гектар жер жыртылып, тұқым дайындалуда. Алдын ала есеп бойынша биыл дала жұмыстарына 5691 тонна жанар-жағармай қажет болады, оның ішінде көктемгі жұмыстарға жеңілдетілген бағамен 1340 тонна жағармай бөлінді. Оны ауданға оператор болып бекітілген «Элемир» ЖШС шаруашылықтардың тапсырысына сәйкес литрін 80 теңгеден босатуда. Ауыл шаруашылығы техникасының көктемгі дала жұмыстарына дайындығы жоғары деңгейге жеткізілді. Атап айтқанда, 743 трактор, 294 соқа, 264 тұқым сепкіш, 1645 тырма, 133 культиватор, 21 тұқым дәрілегіш 98-100 пайыздық дайындық сапына қойылды. Биыл агроқұрылымдар тарапынан 5770 тонна минералдық тыңайтқышқа, оның ішінде 4050 тонна аммиак селитрасы мен 1720 тонна аммафосқа тапсырыс берілді. Диқандар көктемнің қолайлы сәттерін тиімді пайдаланып, агрегаттарды егіске шығаруда. Бүгінге дейін мың гектардан астам жерге арпа себілді.

Нұржан Молдабеков, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.

Қордай ауданы.

Ұқсас жаңалықтар