Мысырда жаңа астана салынбақ
Египеттің тұрғын үй құрылысы министрі жаңа астана елдің шығысында салынатындығын мәлімдеді.
Жоспар бойынша жаңа әкімшілік орталық Каирдан 45 шақырым қашықтықтағы құмды жерде орналаспақ. Жаңа қаланың іргесі бастапқыда 5 миллион адамға есептелініп қаланбақ. Жобаның алғашқы кезегі 7 жылдың ішінде жүзеге асуы тиіс. Ал оның құрылысына 45 миллиард доллар жұмсалатын көрінеді. Ел астанасын ауыстыру мәселесі Каирдың лық толуына байланысты қолға алынғанын айта кетейік. Себебі бүгінде бұл қалада 20 миллион адам тұрады. 40 жылдан кейін бұл көрсеткіш 2 есеге ұлғаятын түрі бар.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




