Басты жаңалық
Түркияның танымал басылымында «Алтын адам» туралы мақала жарық көрді
- author «Ақ жол»
- 19 наурыз, 2015
- 681
Түркияның танымал басылымында «Алтын адам» туралы мақала жарық көрді
Түркияның «Өнже ватан» газеті мен «Тарих» журналының кезекті санында Алматы облысының Есік қорғанында табылған мәдени мұрамыз - «Алтын адам» жайлы көлемді мақала жарық көрді. Күндік таралымы 30 мыңнан асатын беделді басылым оқырман қауымына Есік обасынан шыққан ежелгі сақ дәуірінің 4 мыңға жуық асыл бұйымдары мен өзге де құнды жәдігерлері туралы танымды ақпаратымен бөліскен. Мақала авторы Кемал Саллы қорғанда қазба жұмыстарын жүргізген академик Кемел Ақышев бастаған қазақ археологтарының ғылымға қосқан еңбегіне де кеңінен тоқталып, олардың бұл табысын «адамзат тарихы мен түбі бір түркі жұртының теңдессіз олжасы» деп бағалады. Сондай-ақ, мақалада күміс тостағанның түбіне салынған көне руна әліпбиі де назардан тыс қалмаған. «Өйткені руна жазбасы түркі халықтарының адамзат өркениетіндегі орнын баршаға айқындап берді», - дейді Кемал Саллы.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл мен Түркістан облыстарын жалғайтын күре жол жабық
- 10 наурыз, 2026
Жаңа үйлерде пошта жәшігі неге жоқ?
- 9 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




