Жол
Ел ішінде сурет салумен кәсіби тұрғыда айналыспаса да, көңілдің күйі келген сәтте қолына қылқалам алатындар бар. Сондай сәттерде салынған суреттер жүректің сырын жеткізіп тұратын секілді. Үңіле қарасаңыз, онда бәрі тұнып тұр. Ойдың жүйріктігін, ақылдың тұнықтығын көруге болады.
Жанерке де сондай. Ол медициналық институттың 4-курсында оқиды. Ашық-жарқын, бірақ көп сөйлей бермейді. Қолына қылқаламын алған сәтте көкейінде жүрген ойын қағазға түсіргенді жақсы көреді.
Бұл еңбегін Жанерке «Жол» деп атапты. «Қайғының артында қуанышы бар, тығырыққа тірелсең де жолыңды тап. Қиындықтан жол құтқарады. Тек таңдаған жолыңның қандай болмағы өзіңе байланысты», – дейді ол.
Суретті салған Жанерке Тынышбек, студент.
Ұқсас жаңалықтар
Биыл Маралтай оқулары республикалық деңгейде өтті
- 4 желтоқсан, 2025
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




