Өнерлі ұл-қыздар – болашақ жұлдыздар
«Өнерлі өрге жүзеді» деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Мойынқұм аудандық Жазылбек Қуанышбаев атындағы мұражайында өткен мәдени іс-шара соны дәлелдеп тұрғандай. Балалар мен жасөспірімдер орталығы мен мұражай ұжымының ұйымдастыруымен «Өнерлі ұл-қыздар, болашақ жұлдыздар» атты қол-өнер көрмесі келушілердің көзайымына айналды.
Көрмеде Малика Орақбай, Аяжан Пешетбай, Аружан Орынбай өз қолдарымен жасаған еңбектерін таныстырып, ойларын ортаға салды.
Көрмеге ұсынылған дүниелермен танысқан көпшілік жеткіншектерге толағай табыс тіледі.
Соңыра келген қонақтар мұражайға қойылған Қайрат Рысқұлбековтің көрмесіне экскурсия жасады. Мұражай ұжымы атынан Мадина Қорғанбекова келген оқушыларға сәттілік тілеп, сыйлықтар табыс етті.
Ләйлә Қожагелдиева, Ж. Қуанышбаев атындағы мұражайдың директоры.
Мойынқұм ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Дәстүр заманауи дизайн тіліне айналады
- 27 сәуір, 2026
ASPARA FASHION WEEK Сән – энергия бар жерде туады
- 27 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




