Самат – «Яссауи» грантының жеңімпазы
Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті ұйымдастырған ІІ республикалық «Яссауи» пәндік олимпиадасы жұма күні өз мәресіне жетті.
Екі кезеңнен тұрған сайыста еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларынан 4700-ден аса оқушы өзара 10 пән бойынша бақ сынасқан. Оның алғашқы туры әр облыс орталығында онлайн түрінде өтті.
«Білімді мыңды жығар» дегендей, 550 оқушы осы мыңдаған жастың ішінен келесі кезеңге жолдама алған болатын. Алайда, шешуші айналымда шашасына шаң жуытпаған 33 жүйрік қана басқалардан оқ бойы озық шықты. Қожа Ахмет Яссауи университетінің президенті, профессор У. Әбдібековтің айтуынша, аталмыш оқу орнының бұл грант иелері алдағы уақытта шәкіртақы, жатақханамен қамтамасыз етілмек.
Айта кеткен жөн, үздік шыққандардың ішінде Қаратау қаласы А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясының 11 «Э» сынып оқушысы Мейірбек Самат Бауыржанұлы да бар. Ол – осы олимпиадаға өзінің таңдаған бейіндік пәні физикадан қатысып, грант иегері атанған жалғыз жамбылдық өрен.
Альмира ОМАРОВА, «Ақ жол».
Қаратау қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Ертеңін ойлаған ел білім мен тәрбиеге ден қояды
- 12 қыркүйек, 2024
Жайлы мектептердің құрылыс барысын тексерді
- 10 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді