Бұл – уақыт талабы
«Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті биылғы 1 қаңтардан күшіне еніп, жүзеге асырыла бастады. Регламенттің талабы бойынша, техникалық реттеуге төмендегілер жатады: ортақ автокөлік жолдарында пайдаланыстағы «L.M.N.O.» дәрежесіндегі доңғалақты көлік құралдары және шассилер, көлік құралдарының қауіпсіздігіне әсер ететін қосымша бөлшектер, жекелеген көлік құралдары. Жаңа техникалық регламентте көлік құралдары мен олардың бөлшектерін нарыққа қолданысқа жіберетін талаптар мен ресімдер, сәйкестікті растайтын құжаттар ретінде көлік құралдары мен шассиге – түрін мақұлдау, жеке көлік құралдарына – қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлік, көлік құралдарына қосымша бөлшектеріне декларация және сәйкестік сертификатпен растау белгіленген. «018/2011» регламенттің №10 қосымшасында, декларациялау мен сертификаттаудың түпнұсқасы, схемалары аталып, растауға жататын 118 нысан көрсетілген. Аталған сәйкестікті растайтын құжаттар «018/2011» регламенті талаптары бойынша, Кеден одағына мүше мемлекеттерінің бірінде өңделген жағдайда, Кеден одағы аумағының барлығында құзыретті.
Кеден одағы мен біртұтас экономикалық кеңістік шеңберінде, Кеден одағы комиссиясының 2011 жылдың 9 желтоқсанындағы №877 шешіміне сәйкес, осы одаққа мүше мемлекеттердің нормативтік- құқықтық актілері бойынша, техникалық реттеу нысанасы болып табылатын өнімдерге, жаңа регламент күшіне енген 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін берілген сәйкестікті растау жөніндегі құжаттардың қолдану мерзімі 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін күшінде екенін еске саламыз.
Сонымен қатар, Кеден одағына мүше мемлекеттерде шығарылатын өнімдерге, өздерінің нормативтік-құқықтық актілері бойынша, жаңа регламент күшіне енбей тұрып қабылданған, сәйкестікті растау, бағалау туралы құжаттарына сәйкес, 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін өндірілуіне мүмкіндік беріледі.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасынан бірыңғай тізілімнің ұлттық бөліміне екі сәйкестікті растайтын орган енгізілді. Сонымен қатар, «018/ 2011» регламенті бойынша, сәйкестікті растайтын құжаттардың (қауіпсіздік талаптарына сәйкестік туралы куәлік, декларацияны тіркеу, сертификаттау) берілуіне қажетті сынақтар бірыңғай тізілімнің ұлттық бөліміне енгізілген зертханалар арқылы өткізіледі. Қазақстанда бұл сала бойынша бүгінде 21 зертхана тіркелген.
Бұл ретте Беларусь Республикасында басып шығарылатын бланктың баспаханалық нөмірі «Серия ВY», Қазақстан Республикасында – «Серия KZ», Ресей Федерациясында «Серия RU» белгісін қамтитын болады.
Қазақстан Республикасына сонымен қатар, кеден аумағына сырттан әкелінетін жекелеген көлік құралдарының конструкциялық қауіпсіздігі туралы куәлікті «018/2011» техникалық регламенті талаптарына сәйкестікті аталған сынақ зертханалары береді. Жалпы, сынақ зертханалары мен сәйкестікті растайтын орталықтар туралы ақпарат, аккредитация жөніндегі органның сайтында орналасқан, www.nca.kz.
Техникалық регламентте көлік құралдарына халықаралық міндеттер мен Кеден одағы мемлекеттері мүшелерінің жол-климаттық жағдайларына сәйкес, көлік құралдарының атқаратын қызметтеріне қарай активті, пассивті және экологиялық қауіпсіздік талаптары жазылған. Сонымен қатар, көлік құралдарын экологиялық класқа бөлу мен көлік құралдарының белгілемесі (маркировка) бойынша сәйкестендіру мүмкіншілігін қамтамасыз ету қарастырылған. Жаңа ереже бойынша Кеден одағы мемлекеттері аумағына оң жақ рульді жүргізу көлік құралдарын кіргізуге тыйым салынған.
Қорыта келе, «018/2011» техникалық регламентті енгізу – доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі мүддесінде әрекет ететін, автомобиль құрылысын дамытатын, Кеден одағы аумағына автокөлік құралдарын алып келу кезінде кеден аумағы ішінде техникалық бөгеттерді алып тастайтын сәйкестілікті растаудың жаңа жүйесін құруға бағытталған.
Марат САРМОЛДАЕВ, Техникалық реттеу және метрология комитеті облыс бойынша департаментінің бас маманы.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді