Тарихтан сыр тартқан шара
Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай қаламыздағы №56 орта мектепте бір апталық тәлімі зор іс-шаралар ұйымдастырылды.
Мәселен, директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Рәзия Шалданова мен тарих пәнінің мұғалімі Сәлима Әлімбекованың ұйытқы болуымен «Қазақ хандығының тарихи құндылықтары, қазіргі көзқарастар мен өркениеттік мұраты» тақырыбындағы дөңгелек үстелге 11-сынып оқушылары қатысты. Басқосу барысында өткен дәуірлердегі тарихи тұлғалардың азаматтық бейнелері әңгімеге арқау болды. Өз кезектерінде ұстаздар мен оқушылар тақырыпты кеңінен қаузауға тырысты.
Апталық аясындағы келесі шара «Мен тарихымды жырлаймын» деген тақырыппен өтті. Онда мектеп оқушылары ақындарымыздың тарихи тақырыптардағы өлеңдерін оқудан сынға түсті. Бір аптаны қамтыған іс-шаралар легі «Қазақ хандары» кітап көрмесімен жалғасып, «Тәуелсіздік толғауы» тақырыбындағы патриоттық әндер байқауымен қорытындыланды. Апталық барысында мектеп оқушылары еліміздің төл тарихынан мол тағылым алды.
Айнұр Әбиірбек, ТарМУ-дың студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Наурыз айында 184 мың талапкер ҰБТ тапсыруға ниетті
- 27 ақпан, 2026
100 үздік колледж студенті анықталады
- 24 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




