«Оралу» киносын тамашаладық. Өте әсерлі, шынайы түсірілген фильм екен. Кейіпкерлердің өмір жолынан біз секілді жастар көп ой түйіп, үлгі алдық. Өйткені, бұл кино патриоттыққа, жауапкершілікке, Отанның сүйіспеншілігіне, елге, жерге деген құрметті насихаттап тұр. Елбасымыз «Елдің болашағы – жастар» деген сөзді тегіннен-тегін айтпағанын түсіндім. Бас кейіпкер Еуропадан келген жас ғалым Мақсаттың ата кәсіп – жылқы бағуға деген қызығушылығы қанында қыз-қыз қайнаған қазақилықтың арқасы еді. Мақсаттың мақсатына жету үшін атасынан қалған қолжазбалар, жеке зертханасының табылуы көрерменге сенімді түрде жетті. Бұл кинода маған ұнаған кейіпкер – Іңкәр. Ол «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша Астанадан ауылға келіп, мектепте мұғалім болып жүрді. Киноның шешімі де қызық жағдайда тиянақталды. Елбасымыз әрқашан «бүгінгі таңда елімізде даму мен жетістік барынша жасалған, өзге мемлекетте «жұмақ» жоқ, «жұмақ» өз мемлекетімізде» деп айтады. Біз де Отанымыздың көркейіп, гүлденуі үшін жұмыс жасауымыз керек. Жас ұрпақты елжандылыққа баулитын бұл 90 минуттық кинотуындының маңыздылығы да осында.
Ұқсас жаңалықтар
Дәстүр заманауи дизайн тіліне айналады
- 27 сәуір, 2026
ASPARA FASHION WEEK Сән – энергия бар жерде туады
- 27 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді





