Рашид СҮЛЕЙМЕНОВ, «Оралу» фильмінің қоюшы режиссері, сценарий авторы:
– Бұл біз үшін ерекше туынды. Өйткені «Оралу» – жастардың патриоттық сезімін оятатын көркем фильм. Кинокартинаны түсіруге Елбасының саясаты, Ұлт көшбасшысының еліне деген махаббаты ынталандырды.
Санжар МӘДИЕВ, актер:
– Фильм қала сыртында, Алматы облысына қарасты «Тұрар» ауылында түсірілді. Бұған дейін «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алған жастардың арасында таныстарым болған. Басты рөлді сомдамас бұрын аталған тақырыпты зерттеп алдым. Туынды көрермен көңілінен шығады деген сенімдемін.
Аружан ЖАЗЫЛБЕКОВА, актриса:
– Сценариді оқығаннан кейін фильмге түсуге бірден келісімімді бердім. Өйткені оқиға желісі маған қатты ұнады. Кезінде Калифорния штатында білім алғандықтан, фильмдегі басты кейіпкердің сезімі маған жақсы таныс. Мақсаттың елде қалып, еңбек ету ойында жоқ еді. Дегенмен, аз уақыттың ішінде Қазақстанда да Еуропадағыдай жас ғалымдарға барлық жағдай жасалғандығын түсінеді. Әрі қазақтың салт-дәстүрі, ұлттық құндылықтарын бойына сіңіріп өткен Аружан есімді мұғалім қызбен танысып, көзқарасы өзгереді.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді