«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ақын-ана ардақталған кеш

Ақын-ана ардақталған кеш
ашық дереккөз
Ақын-ана ардақталған кеш

Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай өлең дейтін қасиетті өнердің қазанында қайнаған, сүбелі жырларымен оқырманға айрықша ой салып келе жатқан ақын, журналист, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, «Қазақстан-Тараз» телеарнасының редакторы Ғайни Әлімбекқызымен «Ғайни – ғұмыр! Сара сарын, сара жол...» тақырыбында кездесу кешін ұйымдастырды. Кешке арнайы қонақ ретінде көп жылдар бойы үздіксіз қызмет жасап, сүйікті мәдени ошағының жарығын өшірмеуге тырысып, зейнеткер жасқа шыққан кітапхана ардагерлері де шақырылды. Сондай-ақ, жырсүйер жас оқырмандар да әсерлі кештің куәгері болды.

Кездесу барысында Ғайни ақын оқырмандарға өзі мен отбасы, поэзиясы мен журналистік еңбегі жайлы сыр шертті. Ақындық жолдың салмағын бағамдайтын мазмұнды ойларын ортаға салып, жүрекжарды өлеңдерін де оқып берді. Кеш қонақтары ақынның шығарма­шылығына арналған «Өртеніп от демім, айтарым көп менің...» кітап көрмесімен танысып, Ғайни Әлімбекқызының лирикалық жырларымен, сұлулық пен туған жеріне деген сүйіспеншілікке толы өлеңдерімен сусындап, кітапханашылардың орындауындағы ана, әйел, көктем тақырыбындағы әндерді тыңдады.

Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар