Ынтымақ ұйытқысы – аналар ұлықталды
Әлем жұртшылығы атап өтетін 8 наурыз — Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов облыс әкімдігінің ғимаратында Тараз қаласы мен аудандарда тұратын әйелдер қауымының бір топ өкілдерін қабылдады. Ерқанат Нұрбапаұлы араларында зейнеткерлер мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық өмірінің әрқилы салаларында еңбек ететін түрлі мамандық иелері, этномәдени орталықтардың жетекшілері бар әйел-аналарды облыс әкімінің атынан көгілдір көктемнің беташар сәтімен тұспа-тұс келген мерейлі мерекелерімен құттықтап, отбасыларына амандық, дендеріне саулық, жұмыстарына жемістілік тілейтіндігін жеткізді. Биылғыдай Қазақ мемлекеттігінің құрылуының – 550, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына және тәуелсіз еліміздің жаңа Конституциясы қабылданғанына 20 жыл толатын мерекелі жылы жолы жіңішке жандардың да әйел-ана азаматтық белсенділігі жоғары тұлға ретінде танылып, іргелі істердің ұйытқысы бола беруіне тілектес екендігін айтты. Ұйымдастырушылық қабілет-қарымы, іскерлігі және еңбегімен үздік көзге түскен әйел-азаматтарға облыс әкімінің Құрмет грамотасын, Алғыс хатын тапсырды. Басқосуға жиналған өзге аналар мен аруларға гүл шоқтарын сыйлады, бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Қарымдылығы қайтарымды қаракөздеріміздің атынан Қаратау қаласының тұрғыны, кәсіпкер Клара Қайыпова, Шу ауданындағы әзірбайжан этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Эльмира Асланова және басқалар сөз алып, Ерқанат Нұрбапаұлынан әйелдер мерекесіне орай көрсеткен құрметі, жасаған сый-сияпаты үшін облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевқа өздерінің алғыс-ризашылықтарын білдіретіндігін жеткізуін өтінді. Басқосуға жиналғандар соңынан ескерткіш үшін суретке түсті.
Сапарғали Әлібай, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді