Экономика
Әлемде уран өндірісінің 40 пайызы Қазақстанның үлесінде
- author «Ақ жол»
- 6 наурыз, 2015
- 620
Әлемде уран өндірісінің 40 пайызы Қазақстанның үлесінде
Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Қаппаровты қабылдады. Н.Қаппаров Мемлекет басшысына компанияның трансформация бағдарламасы аясында жүргізіп жатқан жұмысы туралы баяндады, сондай-ақ оның жаңартылған даму стратегиясын таныстырды. Қазақстан Президенті уран өнеркәсібі еліміздегі негізгі салалардың бірі екеніне және әлемдік нарықта елеулі орынға ие болып отырғанына тоқталды. Бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаев уран өндірісін тиімді бақылауды қамтамасыз ету қажеттігіне, шетелдік жетекші компаниялармен өзара тиімді ынтымақтастық орнатудың және бірлескен жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығына назар аударды. Н.Қаппаров қазіргі кезде Қазақстан жалпы әлемдік көлемдегі уран өндірісінің 40 пайызын қамтамасыз етіп отырғанын айтты. Компанияның алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі ядролық отын жеткізу саласындағы көшбасшылардың біріне айналу болып отыр. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы компанияның жаңартылған даму стратегиясы халықаралық консультанттардың атсалысуымен әзірленгенін, инвестициялық және операциялық қызметтің тиімділігін, сондай-ақ еңбек өнімділігін арттыруды көздейтінін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
Ұқсас жаңалықтар
Отбасы бюджеті: жоспарлау, кіріс пен шығысты басқару
- 22 қаңтар, 2026
Ет те көп, сүт те көп
- 20 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




