2014 жылдың 30 маусымында ел азаматтарына, оралмандарға және елімізде тұруға ықтиярхаты бар азаматтарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы Заңы қабылданған болатын. Аталған Заңды орындау мақсатында Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің жанынан азаматтардың мүлікті жария етуіне байланысты өтініштерін қарау үшін комиссиялар құрылды.
Мүлікті жария ету дегеніміз – табыстарды жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған немесе заңнамаларға сәйкес ресімделмеген, не басқа тұлғаға ресімделген мүлік құқығын мемлекеттің тануы болып табылады. Мүлiктi жария ету мерзiмi 2014 жылдың 1 қыркүйегінен 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін жүргізіледі. Мүлiктi жария етуге құжаттарды тапсыру мерзімі 2015 жылдың 30 қарашасында аяқталатын болады. Бұл акция бар мүлікті жария етуге және заңды айналымға енгізуге мүмкіндігін береді. Жария етуге құрылыс нормалары мен қағидаларына және нысаналы мақсатына сәйкес келетін жылжымайтын мүлік, басқа тұлғаға ресiмделген және ел аумағынан тыс жерде орналасқан жылжымайтын мүлік, ақша, бағалы қағаздар және заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесі. Мүлікті (ақшадан басқа) жария ету үшін субъектілер, комиссияға белгіленген нысан бойынша екі данада өтінішті және куәліктің көшірмесімен бірге егер, мүлік басқа тұлғаға ресiмделген болса, нотариуспен куәландырған мүлікке құқық белгілейтін құжаттың көшірмесін және нотариуспен куәландырған басқа тұлғаның мүлікті жария етушіге өтеусiз бергенi туралы шарттың көшірмесін ұсынады. Егер құқықтары заңнамаларға сәйкес ресiмделмеген болса, нысанның құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес екендігі жөнінде сарапшының қорытындысын және техникалық паспортын ұсынады. Жария етуші, жеке тұрғын үй құрылысына, саяжай және өзге де құрылыстарына техникалық тексеруді жүргізу үшін сарапшының қорытындысын алуға, белгіленген нысан бойынша, аудан әкімдігіне өтініш жасауы тиіс. Жария етілген мүлікті рәсімдеуге байланысты заңнамаларда көзделген шығыстардың барлығын жария ету субъектілерінің өздері дербес көтереді. Мүлікті жария етуге берген өтініш қала, аудан әкімі аппаратының кеңсесінде тіркеледі және берілген күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қаралады. Комиссия мүлікті жария ету туралы шешім қабылдаған күннен бастап мүлік жария етілген болып есептеледі. 2015 жылдың 17 ақпанындағы мәлімет бойынша, облыс бойынша құны 6 884 634,0 мың теңгені құрайтын 1654 жылжымайтын мүлікті жария етуге өтініштер қабылданды. Оның ішінде, құжаттары толық болмауына байланысты 138 өтініш кері қайтарылса, құны 5 044 555,0 мың теңгені құрайтын 1282 жылжымайтын мүлік жария етілді, қалғандары құрылған комиссиялармен қаралу үстінде. Қабылданған өтініштер саны бойынша Тараз қаласы, Байзақ және Шу аудандары алдыңғы қатарларда болса, азаматтардың белсенділігі бойынша Талас және Мойынқұм аудандары көштің соңында келе жатыр. Акция басталғалы бұл аудандарда мүлікті жария етуге 29 және 14 өтініш түскен. Жария етілген мүліктердің саны бойынша Тараз қаласы, Байзақ, Шу және Сарысу аудандары алда келді. Ал ақшаны жария ету келесі тәртіпте жүргізіледі. Ақша, екінші деңгейдегі банктерде ашылған, жария ету субъектісінің арнайы сақтау шотына аударылуы тиіс. Әрі қарай субъект жария ету құралын таңдауы қажет. Біріншіден, нарық ставкасы бойынша сыйақысын ала отырып, ақшаны екінші деңгейдегі банктерде ашылған арнайы сақтау шотында бес жыл ішінде ұстауға болады. Екіншіден, ақшаңызды мерзімінен бұрын пайдаланғыңыз келсе, оны мемлекеттік бағалы қағаздарды, екінші деңгейдегі банктердің облигацияларын, ұлттық басқарушы холдингтер мен компаниялардың, «Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберіндегі акция және даму институттарының, сондай-ақ, Қазақстандық қор биржаларында орналасқан басқа да бағалы қағаздарын сатып алу арқылы экономикаға инвестиция жасауға болады. Үшіншіден, азаматтар жекешелендірудің екінші толқыны шеңберінде нысандарды сатып ала алады. Егер ақшаны жария етуші субъекті жоғарыда айтылғын инвестиция жасау құралдарын пайдаланғысы келмесе, ол ақшасын өзінің қарауына қарай жұмсай алады. Бұл жағдайда екінші деңгейдегі банктер, субъектіден жария ету ақшасының көлемінен 10 пайыз алым ұстап қалатын болады.
Асқар Қырықбаев, облыс әкімдігі қаржы басқармасының басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді