«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Бюджеттің әр тиыны есепте

Бюджеттің әр тиыны есепте
ашық дереккөз
Бюджеттің әр тиыны есепте

Тәуелсіздігімізге қол жеткізгелі бері арада жиырма жылдан астам уақыт өтті.  Осы жылдар ішінде қаржы жүйесі саласындағы мемлекеттің бақылау қызметі де қалыптасып, даму жолына түсті, нарық қатынасы жағдайында мемлекеттік қаржы ресурстарын басқаруды қамтамасыз ететін бірден-бір пәрменді құралға да айналып үлгерді.Біздің ең басты міндетіміз мемлекет қаражатының мақсатты жұмсалуына, халық қазынасының қорғалуына бақылау жасап отыру болып табылады. Қаржылық бақылаудың тиімділігі көп жағдайда оны ұтымды ұйымдастырумен, бақылаудың субъектілерін, олардың құқықтары мен міндеттерін айқындаумен, қаржылық бақылауды жүргізудің нысандарын және әдістерін дұрыс ұйымдастырумен де байланысты. Облыстық қаржылық бақылау инспекциясы әлеуметтік-экономикалық салалардың қаржы жүйесін, қаржыландырудың дара жоспары мен қаржылық тәртіптің сақталуын, кірістерді есептеудің дұрыстығын, толымдылығын және дер кезділігін, мемлекет қаражаттарының жұмсалу заңдылығы мен мақсатқа сәйкестігін, бухгалтерлік есеп-қисаптың және есептеменің дұрыстығын бақылап отырады.

Инспекцияда 2014 жылы 344 нысан бақылаумен қамтылды, оның ішінде 295-інде жалпы сомасы 15127,9 миллион теңгені құрайтын қаржылық бұзушылықтар мен бюджеттік және қаржылық есептіліктің ережесін бұзушылықтар анықталды. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан қайтарылуға тиіс 10250,9 миллион теңгеден бақылау барысында немесе қолданылған шаралар арқылы 9910,9 миллион теңгесі қайтарылып, қалпына келтірілді, яғни орнын толтыру 96,7 пайызды құрады. Одан басқа мемлекеттік сатып алу бойынша 137 сатып алу рәсімдері бұзылып, 775,5 миллион теңгені құрайтын құқық бұзушылық айқындалды. Мемлекеттік сатып алулардың 15 материалы бойынша қорытындыларының күші жойылды. Мемлекеттік сатып алулардың күшіне енген келісім-шарттардың күшін жою туралы 9 талап-арыз сотқа берілді. 2014 жылы құқық қорғау мекемелеріне жалпы сомасы 2045,4 миллион теңгені құрайтын 14 материал берілді. Мекемелер мен тексерілген ұйымдардың басшыларының бұйрықтары бойынша барлығы 291 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылып, бір қызметкер мемлекеттік сатып алу заңдылығын бұзғаны үшін жұмыстан босатылған. Инспекция тарапынан әкімшілік жазаға тарту үшін жалпы сомасы 17,2 миллион теңгеге 146 хаттама толтырылды, 14,1 миллион теңге немесе 81,6 пайыз бюджетке аударылды, оның ішінде инспекция жалпы сомасы 14,6 миллион теңге құрайтын 128 әкімшілік істі қарап, жалпы сомасы 2,6 миллион теңгенің 18 әкімшілік ісі құқық қорғау органдары қарауына берілді. Одан бөлек, инспекция қызметкерлері тарапынан құқық қорғау органдарының материалдары бойынша 39 қорытынды берілген, олар бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың сомасы 293,2 миллион теңгені және мемлекеттік сатып алу бойынша 27 сатып алу рәсімдері бұзылып, 99,5 миллион теңгені құрады, бұл материалдар тиісті органдардың талаптары бойынша соларға берілген. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнама талаптарының сақталуына жүргізілген бақылауларда әкімшілік және тәртіптік бұзушылықтар орын алған, мысалы, Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Көгеріштендіру және көгалдандыру кәсіпорны» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында аталған Заңның 4-бабы және 12-бабының 1-тармағының талаптарының сақталмағандығынан мемлекеттік сатып алудың қорытындысына әсер ететін 29410,0 мың теңгенің бұзушылықтары айқындалды, яғни бос және бұзылған үйлерді жөндеуден өткізу үшін мемлекеттік сатып алуды заң нормасын пайдаланылмайтын тәсілмен жүзеге асырған кезде орын алған (әлеуетті өнім берушіні таңдау және келісім-шартқа отыру регламенті). Бақылау барысында «Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі» КММ-де лингафонды-мультимедиалық кабинеттерді сатып алу бойынша жүргізілген электрондық конкурс қамтылып, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы (Заңның 16-бабының 3-тармағы) алынатын біртекті тауарлар жеткізілетін жері бойынша лотқа бөлінбегені салдарынан мемлекеттік сатып алудың қорытындысына әсер ететін жалпы сомасы 79573,0 мың теңгеге бұзушылықтар анықталған. Мекеме басшысы әкімшілік құқық бұзушылық жазаға тартылды. Конкурс құжаттамасының күші жойылды. «Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» КММ-де «Химия кабинетін» және «Биология кабинетін» сатып алу бойынша екі электрондық конкурс қамтылып, мемлекеттік сатып алудың қорытындысына әсер ететін жалпы сомасы 31534,0 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидасының 92-тармағының 1-тармақшасын және 93-тармағының 1-тармақшасын қайшы, мамандандырылған оқулық құрал-жабдықтарды жеткізіп беруге мемлекеттік лицензияны ұсынбаған әлеуетті өнім берушілер конкурстан шеттетілді. Алайда, Қазақстан Республикасы «Лицензиялау туралы» Заңымен оқулық құрал-жабдықтарды жеткізіп беруге мемлекеттік лицензия қаралмаған. Тексеру нәтижелері бойынша 6 лауазымды тұлға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 167-бабының 6-3 тармағында қаралған жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 555,6 мың теңгеге айыппұл салынды. Бақылау барысында «Жамбыл облыстық офтольмологиялық орталығы» ШЖҚ МКК-да мемлекеттік сатып алудың қорытындысына әсер ететін барлығы 3450,8 мың теңге көлеміндегі бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, электрондық конкурс арқылы жүзеге асыру кезінде, жеке кәсіпкер «Жунисов» электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидасының 2-тармақша 93-тармағына қайшы, электрондық конкурстан конкурстық құжаттамаға сай емес деп негізсіз шеттетілген. Бақылау қорытындысы бойынша, 3 лауазымды тұлға (конкурстың комиссия мүшелері) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 167-бабының 9-бөлімімен, әкімшілік құқық бұзушылық жасады деп танылды және әр жеке лауазымды тұлғаға 92,6 мың теңге мөлшерiнде айыппұл салынып, салынған айыппұлдың сомасы 277,8 мың теңгені құрады және бюджет есебіне толығымен аударылды. «Сарысу ауданы әкімдігінің құрылыс, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» КММ-де «Ақбұлақ 2011-2020» бағдарламасы аясында бюджет қаражатының жұмсалуының дұрыстығына жүргізілген тақырыптық бақылаумен орындалмаған жұмыс көлемі 5450,7 мың теңге және қаржылық есептілікті жүргізуді бақылауда 1 863 545,0 мың теңгеге кемшіліктерге жол берілгендігі анықталды, яғни 2013 жылдың жылдық балансында «Аяқталмаған құрылыс және күрделі салымдар» бойынша жинақталған шығындар сомасы көрсетілмей бұзушылықтарға жол берілгендігі анықталған. Атқарылған іс-шаралармен 5450,7 мың теңге мердігер тарапынан атқарылған жұмыстармен және 1863545,0 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілді. Бақылау қорытындысы бойынша мекеменің инспекторы Қ.Мұхатовқа «ескерту» түрінде тәртіптік шара қолданылған. Қаржылық есептілікті жүргізуді бақылауда анықталған кемшіліктер бойынша мекеме басшысы Т.Есқұловтың үстінен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 178-бабы 1-бөлімімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы әкімшілік іс қозғалып, 100 айлық есептік көрсеткіш 185,2 мың теңге айыппұл салынды. Осындай кемшіліктер «Жамбыл ауданы әкімдігінің құрылыс, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» КММ-де жалпы сомасы 20958,7 мың тенгеге анықталған: оның ішінде орындалмаған жұмыс көлемі 712,7 мың теңге және 20246,0 мың теңгеге бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылғаны, яғни ЖСҚ (жоба сметалық құжаттама) судың қор мөлшерін анықтамай және зерттемей жатып жасалғандықтан, мемлекеттік сараптамадан өткені туралы қорытынды берілмеген. Атқарылған іс-шаралармен 712,7 мың теңге жасалынған құрылыс жұмыстары бойынша қалпына келтірілді. «Шу ауданы әкімдігінің құрылыс, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» КММ-де «Ақбұлақ 2011-2020» бағдарламасы аясында бюджет қаражатының жұмсалуының дұрыстығына жүргізілген тақырыптық бақылаумен, бір жоба бойынша, судың қор мөлшерін анықтамай және зерттемей жатып ЖСҚ (жоба сметалық құжаттама) жасалғандықтан қаржылық бұзушылық сомасы 42034,8 мың теңгені құрады және қаржылық есептілікті жүргізуді бақылауда 398585,7 мың теңгеге кемшіліктерге жол берілгендігі анықталды, яғни 2014 жылдың жылдық балансында «Аяқталмаған құрылыс және күрделі салымдар» бойынша жинақталған шығындар сомасы көрсетілмей бұзушылықтарға жол берілгендігі анықталған. Атқарылған іс-шаралармен 398585,7 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілді. Мекеменің бас маман-есепшісі әкімшілік құқық бұзушылық жазаға тартылды. «Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ-де орындалмаған жұмыс көлемі 823,3 млн.теңге, мемлекеттік сатып алу рәсімдерінен түскен 2,2 млн. теңге уақытында бюджетке аударылмаған және қаржылық есептілікті жүргізуді бақылауда 4551,3 мың теңгеге кемшіліктерге жол берілгендігі анықталды, яғни 2014 жылға дейін аяқталмаған құрылысқа жұмсалынған шығындар сомасы көрсетілмей бұзушылықтарға жол берілгендігі анықталған. «Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» КММ-де Тараз қаласы, «Құмшағал» алқабының инженерлік-коммуникациялық құрылысы бойынша жобаны іске асыру барысында бюджет қаражатының жұмсалуының дұрыстығына жүргізілген тақырыптық бақылаумен, 2014 жылдың шілде айында жеткізілмеген негізгі құрал-сайманға алдын ала төленген 129,0 миллион теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталған (негізгі құрал-саймандар 2014 жылдың 30 желтоқсанында алынған). Облыстық прокуратура қаржылық бұзушылықты жою үшін ұсыным жіберген. Анықталған бұзушылықтардың орын алуының негізгі себептері, бюджеттің жоспарлануының сапасы, бюджет бағдарламасы әкімшілерінің қадағалауы жеткіліксіздеу болғандықтан және есеп бөлімдерінің қызметкерлерінің біліктілік деңгейі жетілдірілмегендіктен, өздеріне жүктелген міндеттеріне жауапсыз қарау салдарынан кездесетін кемшіліктер болып отыр. Бүгінде қай мекемеде де алға қойылған мақсаттар мен міндеттер барынша орындалуда деуге болады. Бірақ біздер, тұтастай алғанда, қоғам өмірінде және оның ішінде қаржы саласында ойдағыдай және нақты өзгерістерге жету үшін қаржылық бақылауды күшейтуді әрі қарай да жалғастыра беретін боламыз. Бюджеттің бір тиынына дейін есепте екенін жадымыздан шығармағанымыз жөн.

Қанат ТӨРЕҚОЖАЕВ, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қаржылық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының басшысы.

Ұқсас жаңалықтар