Австрия
Австрия билігі Рахат Әлиевтің өзін-өзі өлтіргенін растады Австрияның әділет министрлігі Қазақстанның Венадағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевтің Йозефштадт түрмесінде қайтыс болғанын ресми түрде растады. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісіне ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы хабарлады.
«Австрия әділет министрлігі ресми түрде ауызша ҚР азаматы Рахат Әлиевтің кеше түнде Йозефштадт түрмесінің бір адамдық камерасында өз-өзіне қол жұмсау фактісін растады. Австрия билігі болған оқиға бойынша тергеу жүргізеді деп білеміз. Біздің дипломатиялық өкілдік барлық жағдайды анықтау үшін Австрияның ресми билігімен байланыста болады», – делінген ҚР СІМ таратқан хабарламада.
Еске сала кетейік, 24 ақпан күні Қазақстанның Венадағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевтің Йозефштадт түрмесінде қайтыс болғаны хабарланған еді. Алдын ала болжам бойынша, ол өзіне-өзі қол жұмсаған. Австрияның Kurier басылымының мәліметінше, Әлиев камерада асылып қалған күйі табылды. Оның адвокаты Әлиевтің суицидке барғанына күмән келтіреді. Әлиев осының алдында ғана үшорындық камерадан жалғыз адамдық орынға ауыстырылған. Ал оқиғадан бір күн бұрын оның адвокатының ұлы Әлиевпен кездесіп, экс-елшінің ісі жайында талқылаған. Сонымен бірге, Рахат Әлиевпен бірнеше апта бұрын камерада бірге отырған сотталған екі адамның одан ақша бопсалағаны үшін айыпталып жатқаны туралы да хабар тарады.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




