Польша
Қазақ қызы Польша президенті болудан үмітті «Польшадағы қазақ қауымының» басшысы Балли Мажец (Балжан Наурызбаева) осы елдегі президент сайлауына қатысқалы отыр, – деп хабарлайды «НьюсБалт» жергілікті naTemat басылымына сілтеме жасап.
Балли Мажец Қазақстанда туған, Мәскеуде білім алғаннан кейін күйеуге шығып, Польшаға кетіп қалған. Ол 25 жылдан бері – Польшаның азаматшасы, екі ұлы бар. naTemat басылымының мәліметінше, Мажецтің сайлауға өз кандидатурасын ұсынуы үшін 100 мың қол жинау мүмкіндігі аз, дегенмен ол Польша президенті сайлауы додасына қатысуы әбден мүмкін деп есептейді.
«Мен Польша президенті рөліне өзге үміткерлермен тең дәрежеде сай келемін. Көп жылдан бері посткеңестік мемлекеттерде құқығы бұзылған жұртшылықпен бірге адам құқықтары мен демократиялық өзгерістерді сақтау мәселелерімен айналысамын. Менің тәжірибем Польшада кәдеге жарайды деп ойлаймын», – дейді Мажец. Сонымен қатар ол Польша президенті болса, Украин дағдарысын шешуге үлес қоса алатынын айтты.
Айта кету керек, әзірше Польшаның қазіргі президенті Бронислав Комаровскийдің келесі мерзімге қатысу-қатыспауы белгісіз. Оның өкілеттігі 2015 жылдың тамызында аяқталады
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді