Ауыл шаруашылығындағы техниканың талапқа сай болуын қадағалайтын Үкіметтің 2012 жылғы №678 Қаулысымен бекітілген «Тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауылшаруашылық мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқау жүргізу» қағидасы бар. Аталған қаулыға сәйкес шаруашылық жетекшілері ауыл шаруашылығы техникаларын техникалық тексеруден өткізуі тиіс. Алайда, аталған істе салғырттық танытып, оны дер кезінде қажетті тексеріске әкелмейтін азаматтар бар. Көктемгі егіс науқанының басталуына санаулы күндердің қалғанын ескерсек, осындай салғырттықтың салдарынан талай жұмыстың тежеліп жататын жағдайлары кездеседі. Қаулыға сәйкес жыл сайын жоспарлы түрде өтетін бұл шара механикалық көлік құралдарының техникалық жай-күйін бағалау, олардың санын, тіркелу көрсеткіштерін анықтап, кем-кетігін түгендеп, егер ақауы болған жағдайда жөндеуден өткізу мақсатында жүргізіледі. Тексеру барысында техникалардың тежеу жүйелерінің жұмысы, рульдік басқару, доңғалақтардың жарамдылығы, жарық және дыбыс бергіш жабдықтардың жай-күйі, тіркеу құрылымы түгел тексеріледі. Өйткені, көктемгі-жазғы дала жұмыстарына қатысатын олардың саны мен сапасының сай болуы үлкен маңызға ие. Аталған тексерудің жол қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігі үшін де маңызының зор екенін айта кету керек. Сондықтан, әрбір техника иесінің бұл іске үлкен жауапкершілікпен қарағаны абзал. Біз басқарма тарапынан нақтылы кезеңде барлық аудан әкімдеріне арнайы хатпен шығып, жоспарлы жұмысқа аудандағы барлық техника иелерін жұмылдыруға атсалысуын сұранып жатырмыз. Аудан және ауыл әкімдері, шаруашылық жетекшілері бұл ұсынысымызды қолдайды деген сенімдеміз.
Досжан ЕРУБАЕВ, облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының мемлекеттік техникалық инспекция бөлімінің басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді