Сыбайлас жемқорлық орын алмай тұрып, оның алдын алған абзал.
Осы мақсатта ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыс бойынша департаменті, облыстық кәсіпкерлік палатасы және облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен жұмыс жүргізуге бағытталған бірлескен жоспарға қол қойды. Бұл құжат аталған мекемелердің бірлесіп жұмыстар жүргізуі арқылы кәсіпкерлікті дамытуға үлес қосу мақсатында жасалып отыр. Сонымен қатар осы құжат негізінде шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерінің еш кедергісіз жұмыс істеуіне мүмкіндік туып, оларды мемлекеттік органдар тарапынан мақсатсыз тексеруді азайту қолға алынбақ. Бірлескен жоспардың жай-жапсары Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында сала мамандарының қатысуымен өткен жиында жан-жақты түсіндірілді. Жиын барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыс бойынша департаментінің басшысы М.Қожабаев сөз алып, еліміздің 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы және кәсіпкерлік палатасымен бірлескен жұмыс жүргізудің маңыздылығы туралы атап көрсетті. Cондай-ақ, басқосуда ҚР Ұлттық кәсіпкерлік палатасы атынан палата басқармасы төрағасының орынбасары Н.Алтаев еліміздің экономикалық ахуалын арттыру жолында қосқан көп жылдық еселі еңбегі үшін, іскерлік белсенділікті насихаттауға атсалысқаны үшін облысымыздың бірқатар азаматтары басқаратын ұжымдарға Алғыс хат тапсырды. Олардың қатарында «Ақ жол» газетінің ұжымы да бар.
Айнұр Әбиірбек, студент.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді