Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайырбек Асанов мырзаға

Қазақстанның  еңбек сіңірген қайраткері Қайырбек Асанов мырзаға
ашық дереккөз
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайырбек Асанов мырзаға

2Құрметті Қайырбек Асанов! Сізді 70 жасқа толған мерей­тойыңызбен, елдің ақсақалы атануыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Жылдар бойы түркі мәдениеті мен әдебиетінің дамуына, қазақтың сөз өнерінің өрлеуіне қызмет етіп келесіз. Журналистика саласында жемісті еңбек етіп, халықтың жоғын жоқтап, мұңын мұңдап, талай өзекті тақырыптарға қалам тербедіңіз. Сонау жастайыңыздан жастардың өміріне арналған «Шәкира», «Бағлан», «Шиелі шынарлары», «Береке бастауы», «Бақыт баспалдақтары» сынды көркем очерктер, публицистика­лық мақалалар жазып, талай замандас­тарыңызды отан­сүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеуге ықпал еттіңіз. Бүгінде «Тұңғыш», «Сүйем сені», «Ғашық ғұмыр», «Сен жанымда жүрсең», «Ағайынға ақ тілек», «Күннің нұры – қуатым», «Махаббат», «Адалдық – асыл мұратым» атты жыр жинақтарының авторы ретінде ерекше қолтаңбаңызбен еліміздің сыйлы да құрметті ақынысыз. Бұған былтыр өзіңізге табыс етілген «Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері» атағының өзі куә. «Асулардан асуға өрлегенде, Кез болды қиналған да, терлеген де. Мерекелі мерейтой құтты болсын, Жетпіске келген де бар, келмеген де!» дей келе, тілектес бауырыңыз ретінде әрқашан жүзіңізден мейірім нышаны кетпей, айналаңызға шуағыңызды шашып жүре беріңіз, мерейіңіз үстем болсын деп тілеймін! Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының атынан, осы ұйымға мүше түркі халықтары мәдениеті қайраткерлері атынан Сізге зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге табыс тілеймін.

Ізгі тілекпен, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Д. Қасейінов.

Анкара, 19.02.2015 жыл.

Ұқсас жаңалықтар