Олар тарихты суретпен жазады. Түймесін сырт еткізіп, қас-қағым сәтті «сөйлетеді». Тіл жетпей жатқан жерге олардың суреті жетеді. Жалпы, газет-журнал, кітап, интернет парақшаларын, тіпті өмірдің өзін қазір суретсіз елестету қиын. Әйткенмен, осы өнердің барлық қыр-сырын көбіміз біле бермейміз. Мәселен, «Фотография» сөзінің өзі көне грек тілінен аударғанда «жарықпен сурет саламын» дегенді білдіреді екен. «Ақ жол» газеті бұдан былай өз оқырмандарын «Фотоөнер» деп аталатын айдар арқылы кәсіби, әуесқой фотографтардың өнерлерімен таныстыруды қолға алмақ.
Фототілші Петр Норкин 1971 жылдан бері Шу өңірінің тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігін өзі түсірген суреттері арқылы қалың қауымға паш етіп келеді.
Оның фото мұрағатынан табиғаттың ғажайып көріністерін ғана емес, сонау жетпісінші жылдардағы еңбек майталмандарының сарғайған суреттерін табуға болады.
Ұқсас жаңалықтар
Биыл Маралтай оқулары республикалық деңгейде өтті
- 4 желтоқсан, 2025
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді








