Тараздың тіл үйіретін халуасы
ішкі нарықта жоғары сұранысқа ие ХАЛУА – ЖҰРТ ЕЖЕЛДЕН ЖАППАЙ ТҰТЫНАТЫН ЖЕҢСІК АСТЫҢ БІРІ.
СЫРТҚЫ ҚАПТАМАСЫ СӘНДІ, «ТАРАЗ ХАЛУАСЫ» ДЕГЕН ЖАЗУЫ
БАР ТАУАР БАЗАРЛАР МЕН ДҮКЕН СӨРЕЛЕРІНДЕ ҰЗАҚ ТҰРМАЙДЫ.
ІШКІ НАРЫҚТА ОҒАН ДЕГЕН СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ. ДӘМІ ТІЛ ҮЙІРЕТІН
ТАҒАМДЫ ТАРАЗДАҒЫ ТЕМІР ЖОЛДЫҢ ЖОҒАРҒЫ ЖАҒЫНДАҒЫ
АУМАҚТА «АХАНОВ» ЖЕКЕ КӘСІПОРНЫ ӨНДІРЕДІ. БҮГІНДЕ КӘСІПОРЫН
БАСШЫСЫ НҰРЛАН АХАНОВ КЕЗІНДЕ ДҰРЫС ТАҢДАУ ЖАСАҒАНЫН
ОЙЛАСА, КӨҢІЛІ МАРҚАЙЫП ҚАЛАДЫ. НҰРЛАННЫҢ МАМАНДЫҒЫ
– ҚҰРЫЛЫСШЫ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚИЫНДЫҚТАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ
1990 ЖЫЛДАРДЫҢ БАС КЕЗІНДЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ МҮЛДЕ
ТЫҒЫРЫҚҚА ТІРЕЛДІ. КӨПТЕГЕН ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫ ЖАБЫЛЫП
ҚАЛДЫ. ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛҒАН Н. АХАНОВ ОТБАСЫН АСЫРАУ ҮШІН
ӘУЕЛІ ӨЗГЕ ЖҰРТ СИЯҚТЫ БІРАЗ УАҚЫТ АЛЫПСАТАРЛЫҚПЕН
АЙНАЛЫСТЫ. ХАЛҚЫМЫЗ: «САУДА ТҮБІ – БОРЫШ, ШАРУА ТҮБІ
– КЕНІШ» ДЕП ТЕККЕ АЙТПАСА КЕРЕК. КӨЗІ АШЫҚ, КӨКІРЕГІ ОЯУ
НҰРЛАН ШҮКІРЖАНҰЛЫНЫҢ САУДАГЕРЛІККЕ КӨҢІЛІ ТОЛМАДЫ. ҰЗАҚ
ОЙЛАНЫП, ӨЗ ІСІН АШУҒА БЕКІНДІ.
Ол бұл ойын жүзеге асыру үшін әуелі нарықты жіті зерттеді. Жұртқа ең керекті тауар өндіруге ұйғарым жасады. Ақыры, таңдау халуа өндіруге түсті. Елімізде ол тек Алматыда ғана шығарылады екен. Сондықтан да аз өнімді іздеген жұрт дүкен және базар сөрелерінен кейде таппай да қалады. Ал оны жергілікті жерде өндірсе, тасымалдау шығыны азайып, бағасы қолжетімді болады. Осы кезде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың босап қалған нысандарды кәсіпкерлерге басқаруға беру, онда жаңа жұмыс орындарын ашу туралы бағдарламасы қабылданған болатын. Нұрлан Аханов темір жолдың жоғары жағындағы аумақтағы бұрынғы көшіп кеткен емхананың ғимаратын алып, халуа өндіру үшін қайта жарақтандырудан өткізді. Үй-жайын кепілдікке қойып, «Халық банктен» несие алды. Оған Ресейден жабдық сатып әкеліп, Алматыдан мамандар шақырып, жергілікті азаматтарға жұмыс істеуді үйретіп, іске кірісіп кетті. Құзырлы орындар Нұрлан бағдарлама бойынша міндеттемесін орындап, 10 жұмыс орнын ашқаны үшін нысанды тегін берді.
«Аханов» жеке кәсіпорнында 1998 жылы бір жылда 20 тонна жеңсік тағам өндірілді. Халуа – күнбағыс, жүгері сірнесі, қант және мейіз қосындысынан жасалады. Кәсіпорын қант пен мейізді – Тараздан, күнбағысты – Жуалы, Меркі, Шу және Т.Рысқұлов ауданының шаруаларынан сатып алады. Жүгері сірнесін Алматыдан жеткізеді. Мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес шығарылған өнімді тұтынушылар жақсы қабылдады. Олар біртіндеп өндірілер өнім көлемін арттыра берді. Оның алуан түрін шығаруды қолға алды. Қазір мұнда халуаның бес түрі бар. Таяуда шығарылған, үлпілдек халуа аталатын тағамның бұрынғыларына қарағанда бірқатар артықшылығы бар. Майлылығы едәуір аз оны диетада жүргендер де тұтынады. Қазір нарықта қанттың 1 килограмының бағасы – 180, ал халуаныкі – 300 теңге. Халуаның бағасының қолжетімді екені осыдан-ақ байқалады.
Кәсіпорында бүгінде 21 адам жұмыс істейді. Өз кәсіптерінде мол тәжірибе жинақтаған олар өнім сапасына айрықша көңіл бөледі. Біраз жыл бұрын өндіріске ИСО-9001-2000 халықаралық сапа менеджменті жүйесін енгізген. Халықаралық «Халал» сапа стандартты сертификаты бар. Биыл өндіріс рентабельділігі 20 пайызға жеткен. Несиелік, дебиторлық, салыққа және міндетті төлемдерге қарызы жоқ. Өткен жылы Қытайдан жаңа жабдық сатып әкеліп орнатқан. Мұның өзі бүгінде оларға жылына 150 тонна тауар өндіруге мүмкіндік беріп отыр. Кәсіпорын өнімі облысымыздың аумағымен қатар көршілес Оңтүстік Қазақстан облысына да өткерілуде.
– Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыс істей бастауына байланысты алуан түрлі халуа өнімдері Қазақстанға да ағылатын болады. Бірақ біз бәсекеде оларға дес бермейміз. Тұтынушыларға өнімімізді қолжетімді бағамен ұсынып, бірде-бір жұмыс орнын қысқартпауға күш саламыз, – дейді «Аханов» жеке кәсіпорнының директоры Нұрлан Аханов.
Ақылжан МАМЫТ, «Ақ жол».
Суреттерді түсірген Ақәділ Рысмахан.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- Бүгін, 14:19
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді