Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды. Мекеме «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейді. Онда кәсіпкерлерге заңгерлік, бухгал-терлік, маркетингтік, кеден ісі, салық, ІТ және менеджмент салалары бойынша кеңестер беріліп, бизнес-жоспарлар жасауға, мемлекеттік органдардан қажетті құжаттар, шағын несие ұйымдары арқылы қаржы алуға қолдау көрсетілетін болады. Орталық ҚР Ұлттық экономика министрлігі және «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорымен бірлесіп ашылды. -Аудан орталығында Кәсіпкерлікті қолдау орталығының ашылуы – облысымызда шағын және орта бизнес саласын дамытуға мол мүмкіндіктер жасалып жатқандығының бір көрінісі,- деді Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Асан Қошмамбетов өз сөзінде. Биылғы жылы мұндай орталықтарды облыстың барлық аудандарында ашу жоспарланып отыр.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




