Дүние және дағдарыс
Шетелдерде... Еуропадағы ең қымбат қала – Лондон Британ астанасы Еуропада ең қымбат жер деп аталды.
HRS қонақ үйлерін брондау жөніндегі онлайн-қызметтерге зерттеу, британ астанасының қонақ үйлеріндегі өсе түскен тарифтер Еуропадағы бұдан бұрынғы ең қымбат қала – швейцариялық Цюрихті екінші орынға ығыстырды.
Мұнда қонақ үйлердің тәуліктік бағасы 148 еуро болды. Үшінші орынға осы көрсеткішпен тәулігіне 142 еуроны құраған Париж шықты. Одан кейін бағасы 133 еуроны құраған Эдинбург тұр, ал Бристольда қонақ үйге бір түнеп шығуға 117 еуро төлеуге тура келеді. Ұлыбританияның ең арзан қалалары Бирменгем мен Ливерпульда бұл орайдағы жалпы көрсеткіш 99 еуро болып отыр. Дағдарысты көп елден бұрын сезініп отырған Еуропа қамбатшылығымен де алда болып отыр.
Венгриялық автобустар
Оралда құрастырылмақ
Венгрияның «Евопро» компаниясы Орал қаласында автобус құрастыруды көздеп отыр. Бұл туралы компания директоры Балаж Боднар облыс әкімі Нұрлан Ноғаевпен кездесуінде мәлім етті.
Оның айтуынша, ұзындығы 6,5 метрліктен 11 метрлікке дейін жететін автобус түрлерін шығаруға болады. Оның сүйегі композиттік материалдан жасалатындықтан, әдеттегі 12 метрлік металл автобуспен салыстырғанда, 5 тоннаға жеңіл әрі еуропалық ірі компаниялардан шығатын осындай көліктерден бағасы арзан. Оған қоса экономикалық жағынан тиімді. Қолайлылығы жағынан да ұтымды, мүмкіндігі шектеулі жандарға да орындар бар. Көлік қозғалтқышы қуат үнемдейтін технологияға негізделген, қажетіне қарай газбен, жанар-жағармаймен, электр қуатымен, гибридпен жүретін автобус құрастыруға болады.
Бұдан бұрын да коммуналдық және арнайы техника құрастырумен айналысып келе жатқан «Оралагрореммаш» АҚ өкілдері Мәскеу, Будапешт қалаларында болып, «Евопро» компаниясымен келіссөз жүргізді. Қазірдің өзінде бұл компания Ресейдің «РОСНАНО» компаниясымен бірге жұмыс жасауға келісіп, 3-4 көлік шығаруға кірісті. Австрияда жұмыссыздық деңгейі артуда Австрияда ресми тіркелген жұмыссыздар саны 406 мың адамнан асады. Бұл былтырғыға қарағанда 36,5 мыңға көп.
Мұндай мәліметті осы елдің Жұмыспен қамту жөніндегі мемлекеттік қызметі келтіріп отыр. Жұмыссыздық мәселесі барлық федералды аймақтардың негізгі бас ауруына айналған. Австриядағы жұмыссыздық деңгейінің өсімі 10,5 пайыздық межеге жетті. 8,5 миллион халқы бар елде 406 мыңнан астам тұрғын тұрақты кәсіпке мұқтаж. Сарапшылардың айтуынша, егер еуропалық экономика құлдырауын тоқтатпаса, онда жұмыс күшіне деген сұраныс кеміп, еңбек нарығындағы жағдай ушыға түспек. Қазір жұмыссыздық барлық федералды аймақтарды қамтып отыр. Бірақ, ең ауыр ахуал Венаның өзінде қалыптасқан. Мысалы, Төменгі Австрияда 75 мың адам сенделіп бос жүрсе, Штирияда олардың қатары 56 мыңнан, ал Жоғарғы Австрияда 50 мыңнан асады. Венада тұрақты табыс көзі жоқ австриялықтар 130 мыңға жуықтайды. Немістер де наразылық шеруіне шыққалы отыр Дағдарыс ызғары Германияның «бойын» тітіркендіре бастаған секілді. Өйткені, мұнда әлеуметті толғандырған мәселелер жиі-жиі қылаң беруде. Бұл жағдайлар елдегі іргелі компаниялардың қаржы тапшылығымен бетпе-бет келуінен туындап отыр.
Неміс халқы мақтан ететін ірі құрылымдардың бірі Siemens концерні қаржылық қиындықтарға байланысты қызметкерлерін жаппай қысқартатыны жайлы ашық мәлімдеді. Бүгінде жұмыстан босату жөніндегі хабарлама жазылған парақшалар компания арқасында нәпақа тауып келген 7 800 адамға таратып берілген. Бұл концерндегі барлық жұмысшылардың 2 пайызын құрайды. Олардың 3 мыңнан астамы Германия азаматтары көрінеді. Жалпы, компания қызметкерлерін қысқарту арқылы 1 миллиард еуроға жуық ақша үнемдеуді көздеп отыр. Үнемделген қаржы инновациялық жобаларға жаратылмақ. Соңғы деректер бойынша, құрылымның табысы жыл өткен сайын 1-2 миллиард еуроға кеміп келеді. Былайғы жұртқа Германияда бәрі өз қалпында секілді көрінеді. Алайда, елдің сыртқы және ішкі жағдайы соншалықты мәз емес. Бұған мемлекеттің бірқатар одақтастарының басына түскен ауыртпалықтар тікелей әсер етіп отырғаны белгілі. Қазақстанда... «Жұмыспен қамту-2020» – өзін-өзі толық ақтады ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте сенатор Әли Бектаев «Жұмыспен қамту-2020» – өзін-өзі толық ақтаған бағдарлама екенін атап өтті.
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы туралы әртүрлі пікірлер айтылып жүрді. Тіпті, кейбір сарапшылар ол бағдарламаны тоқтату жөнінде де ұсыныстар айтқан еді. Бірақ Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президентіміз бұл бағдарламаның ары қарай жалғасу керектігін айтты», – деді депутат.
Оның пайымынша, дүниежүзінде орын алып жатқан қаржы дағдарысының алдын алу үшін, оның Қазақстанға әсерінің алдын алу үшін елді жұмыспен қамту мәселесі өте маңызды орынға шығып отыр.
«Шынында да өздеріңіз қарап отырсаңыздар, көптеген мемлекеттердің ең басты проблемасы жұмыспен қамту болып отыр. Яғни, қазіргі дағдарысқа қарсы шаралардың ішінде жұмыс орындарын қысқартпау, жұмыспен қамту мәселесі бірінші орынға шығып тұр».
Деректерге қарағанда, 2011 жылдан бері іске асырылып келе жатқан бағдарламаға бүгінгі таңға дейін 461 мыңнан астам азамат тартылды. 121 мыңнан астам азамат оқуға жіберіліп, кәсіби мамандық алды. Кемеден бастап...Қазақстанда жасалған Елбасы Үкіметтің кеңейтілген отырысында дағдарысқа қарсы шараларды атқаруда нақты міндеттер қойды. Ең алдымен, ірі компания болсын, өз ісін жаңа бастаған шағын кәсіпорын болсын, мемлекет қолдауына иек арта алады. Шын мәнісінде, Қазақстан кемеден бастап халық кең тұтынатын тауарларға дейін өндіре алады. Бұған біздің зауыттың тыныс-тіршілігі дәлел. Бұл туралы «Орал «Зенит» зауыты» АҚ бас директоры Вячеслав Валиев мәлім етті.
Оның айтуынша, «Зенит» зауыты қорғаныстық мақсаттағы ғана емес, сонымен қатар, қарапайым тұрғындарға қажетті өнімдер өндіруге де маманданған. Әсіресе, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі қиын кезеңдердің өзінде Елбасымыздың қолдау көрсетуінің нәтижесінде кәсіпорын аяғына нық тұрды. Каспий теңізінде шекара күзетуге арналған үлкенді-кішілі кеме, катерлерді шығарып келеді. Бұлардың жүзу жылдамдығы, жарақтандырылуы, сыйымдылығы үнемі жетілдіріліп келеді.
Елбасы атап өткендей, Ресейде сұраныстың қысқаруына байланысты қазақстандық экспортты диверсификациялауды күшейтуге мүмкіндік туып отыр. Арзандаған қуат көздерін, құрастыру және қосалқы бөлшектерді өз экономикамызды, соның ішінде өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін пайдаланып қалуымыз керек. Қазақстан қаңтарда бензин өндіруді 3,5 пайызға арттырды 2015 жылдың қаңтар айында елімізде 213,1 мың тонна бензин өндірілді. Бұл 2014 жылдың қаңтарына қарағанда 3,5 пайызға жоғары көрсеткіш.
Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметіне қарағанда, өткен айда дизельдік отын өндіру 0,4 пайызға төмендеп, 354,4 мың тоннаны құраса, мазут өндірісі 280,6 мың тоннаға жеткен. «2015 жылдың қаңтарында Қазақстанда өндірілген шикі мұнай 5,743 миллион тоннаны құрады, бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда сәйкесінше 2,4 пайызға аз. Ал газ конденсаты 1,114 миллион тоннаны құрады, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 4,1 пайызға артық. Соның ішінде табиғи газ өндіру 2 миллиард текше метрді құрап, өсім 10,3 пайызға жеткен. Ал мұнайдың ілеспе газын өндіру есепті кезеңде 2, 083 миллиард текше метрге тең болып, көрсеткіш былтырғыға 10,2 пайызға артты», – делінген баспасөз баянында. «ЭКСПО-2017»-ге қатысушылардың қатары көп «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне 100-ге тарта дамыған және дамушы елдер қатысады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлімдеді.
«Біз «жасыл экономикаға өту» бағытындағы жұмысымызды жалғастырып жатырмыз. Мұның «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу аясында да маңызы арта түседі.
Өйткені, бұл Қазақстанның басым бағыттарының бірі ретінде айқындалған. Бүгінгі күні біз аталған көрмеге мемлекеттердің қатысуын қамтамасыз етуге күш саламыз. Жалпы, «ЭКСПО-2017» көрмесіне 100-ге тарта дамыған және дамушы елдер қатысады деп жоспарланып отыр», – деді Е. Ыдырысов.
ҚР Сыртқы істер министрі Қазақстан тарапынан әлемнің 60-қа жуық дамушы еліне көрмеге қатысу үшін көліктік-логистикалық, ұйымдастырушылық жағынан қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді