Қазақстан Үкіметі мұнайдың орташа бағасын барреліне 50 доллармен есептеп, республикалық бюджетті түзетеді. Бұл туралы бүгін ОКҚ брифингінде ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов айтты. «Өздеріңіз білесіздер, Үкімет жақын арада бюджетті нақтылайтын болады. Нақтылай түссек, қарапайым сценарий ретінде 2015 жылы Brent маркалы мұнайдың бір баррелі орта есеппен 50 доллар болады деп есептелген», – деп түсіндірді ол. Төрағаның айтуынша, 2015 жылы Ұлттық банк теңгенің кенет құнсыздануына жол бермеуді жоспарлап отыр. «Қазіргі уақытта біз валюталық дәліздің ағымдағы саясатын ұстанып отырмыз. Біздің есебімізше, қазіргі макроэкономикалық жағдайлар осы дәлізде болуымызға мүмкіндік береді. Алдағы үш-тоғыз ай аралығында біз ішкі және сыртқы валюта нарықтарындағы жағдай қалай өзгеретінін жіті бақылап отырамыз», – деп түйді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




