Елімізде 2014 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының жұмысқа орналасқан түлектерінің үлесі 15 пайызға өсіп, 77 пайызға жетті. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Ерлан Сағадиев мәлім етті. – Білім және ғылым министрлігі ҮИИД-1 бойынша білікті кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі мақсатты индикаторларды жүзеге асыруға қол жеткізілді, нақтылап айтқанда, заманауи жабдықтармен жарақтанған оқу орындарының үлесін ұлғайту жоспары асыра орындалды. Соның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының жұмысқа орналасқан түлектерінің үлесі 15 пайызға өсіп, 77 пайызға жетті. Экономиканың әртүрлі секторларындағы басымдықты мамандықтар бойынша 47 кәсіби стандарттар жасау жоспары жүзеге асырылды, – дейді Е.Сағадиев. Сонымен қатар, ол бүгінде басты міндет өңірлерде кадрлар даярлау сапасын жақсарту екенін атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Ұлт болашағын айқындайтын ең маңызды шаруалар енді басталады
- 22 қаңтар, 2026
Қайтыс болып кеткендер де дәрігердің қабылдауында болған
- 20 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




