Иран елінің Энергетика министрі Хамид Читчиян мемлекеттік бюджеттің мұнай экспортынан кірістері шамамен бес есеге төмендегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Tasnim агенттігінен.
2014 жылдың 21 наурызынан 2015 жылдың 20 қаңтарына дейінгі кезеңде Иранда мұнайды өндіру көлемі күніне 2,5 миллион баррельден 1 миллион баррельге дейін қысқарғаны, ал мұнай бағасы бір баррель үшін 100 доллардан 40 долларға дейін құлдырағаны атап өтілген. «Иран экономикасы өзіне тән өте күрделі жағдайда қалып отыр», – деп атап өтті Читчиян, сонымен бірге ол Иранның табандылыққа үйреніп, барлық қиындықтарды еңсере алатынын, сеніммен алға қадам басатынын атап көрсетті. Министр сондай-ақ Жоғарғы экспорттау кеңесінің баяндамасына сілтеме жасап, елдегі мұнайдан басқа сала экспортының соңғы 10 айда өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 25 пайызға көтеріліп, 46 миллиард долларға жеткенін атап көрсетті. Читчиянның пікірінше, бұл көрсеткіштер Иранның жоғары экономикалық әлеуеті мен оның мұнай кірістеріне тәуелділіктен арылып келе жатқанын байқатады.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




