Қаңтар айында Латвияда тіркелген жұмыссыздық көрсеткіші бойынша, елдің экономикалық белсенді тұрғындарының 9 пайызы «екі қолға бір күрек» таба алмай отыр. Бұл өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 0,5 пайызға артық, деп хабарлады mixnews.lv порталы. Латвияның Мемлекеттік жұмыспен қамту агенттігінен хабарланғандай, қазіргі уақытта жұмыссыздықтың ең төмен деңгейі елдің астанасы Рига аумағында – 5, 5 пайыз (желтоқсан айында – 5,2 пайыз). Ең жоғары көрсеткіш Латгалияда – 18,5 пайыз, бұл желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,7 пайызға көп. Мемлекеттік жұмыспен қамту агенттігі бұған дейін жұмыссыздықтың өсуін қыс мезгілінде, маусымдық жұмыстардың аяқталуы мен құрылыстың бәсеңдеуінен деп түсіндірді. Жұмыссыздық наурыз айында азаюы мүмкін.
Ұқсас жаңалықтар
Ұлт болашағын айқындайтын ең маңызды шаруалар енді басталады
- 22 қаңтар, 2026
Қайтыс болып кеткендер де дәрігердің қабылдауында болған
- 20 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




