Halliburton компаниясы 6,4 мың жұмысшысын қысқартпақ
- author «Ақ жол»
- 15 ақпан, 2015
- 795
Әлемдегі ауқымы жағынан екінші американдық Halliburton Co. мұнай-сервистік компаниясы мұнайға бағаның күрт түсуіне байланысты жұмысшыларының санын 8 пайызға қысқартуды жоспарлап отыр, деп жазады The Wall Street Journal. Шамамен 6,4 мың адам жұмыстан босатылмақ. Қазір компанияда барша әлем бойынша 80 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. «Осынау күрделі нарықтық ортада жұмысты жалғастыру үшін жұмыс күшін қысқартпаса болмайтын ауыр жағдайға тап келдік» делінген Halliburton хабарламасында. Қаңтарда компания АҚШ-тан тыс жерлерде жұмыс істейтін 1 мың адамды жұмыстан босататынын жариялаған. Бұрын хабарланғандай, Halliburton төртінші тоқсанда мұнай нарығында бағаның төмендегеніне қарамастан, Солтүстік Америкада сұраныстың үлкен болуының арқасында таза пайданы 14 пайызға ұлғайтқан. Сонымен қатар компания 2015 жыл күрделі болатынын ескертті. Бұдан бұрын әлемнің басқа да ірі мұнай-сервистік компаниялары штаттарын қысқартуға ниетті екендіктерін хабарлаған болатын. Сонымен, Schlumberger Ltd. 9 мың адамды жұмыстан босатуды жоспарлауда, Baker Hughes Inc. (Halliburton-мен қосылу үдерісінде) – 7 мың адамды, Weatherford International Plc 8 мың адамды қысқартпақ.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




