Ал құрылыс саласына келетін болсақ, ауданның инфрақұрылымын жақсарту мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыс көп. Аудан әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысы Нұрсұлтан Сауырбаевтың айтуынша, соңғы 5 жыл ішінде бір ғана «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде ауданымызда 84 жоба жүзеге асырылған. Бұл жай ғана сандар емес, бұл – әрбір ауыл тұрғынының жайлы тұрмысы.
– Ауыл біздің алтын діңгегіміз, берекеміз бен бірлігіміздің бастауы. Өздеріңіз жақсы білетіндей Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың т апсырмасымен қолға а лынған «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында бүгінде Жуалы ауданында көп жұмыс атқарылды. Соңғы жылдары туған жеріміздің инфрақұрылымы жаңарып, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы айтарлықтай артты. 2020-2025 жылдар аралығында атқарылған ауқымды жұмыстарға тоқталар болсам, бүгінгі күні аудан бойынша жол мәселесі жүйелі шешімін тауып келеді. Тек өткен жылдың өзінде 28 жол жобасы іске асып, ауылішілік көшелер жаңартылды. Ал биыл жүзеге асырылып жатқан Боранды станциясындағы жаңа көлік өткелінің құрылысы – қауіпсіздік пен жайлылыққа жасалған үлкен қадам болып отыр, – дейді Нұрсұлтан Сауырбаев.
Бұдан бөлек, білім мен мәдениет саласында да атқарылған жұмыстар бар. Мәселен, Нұрлыкент, Көлбастау және Қайрат ауылдарында заманауи мәдениет үйлері бой көтеріп, халықтың рухани ордасына айналды. Ал №2 Мыңбұлақ, №30 Көктөбе, Т.Тастандиев және Ш.Мұртаза атындағы мектептер күрделі жөндеуден өтіп, балаларымызға жарқын болашақ сыйлауда. Спорт саласына тоқталар болсақ, Қарасаз, Көлтоған және Б.Момышұлы ауылдарында жаңа спорт кешендері салынып жатыр. Бұл – ауыл жастарының чемпион болуына, салауатты өмір салтын ұстануына жасалған керемет мүмкіндік. Бөлім басшысы бұл бағыттағы жұмыстардың бұдан былай да жалғаса беретінін айтты. Сондай-ақ ол көшелердің сәулеттік келбетін арттыру және заманауи талаптарға сай ету жұмыстарына да тоқталып өтті.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша ТКШ ЖК және АЖ бөлімінің басшысы Руслан Айтбаев баяндама жасады. Ол Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының аудан аумағында өту барысына тоқталды. Сөйтіп ол көктемгі көріктендіру және көгалдандыру жұмыстары мен елді мекендерді санитарлық тазалау, абаттандыру шараларының сапалы орындалуы туралы егжей-тегжейлі айтты.
Осыдан кейін «Жуалы Су» мекемесінің басшысы Дархан Есенгелдіұлы тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының қазіргі жағдайы мен жұмыс барысы туралы ақпарат берді. Қалдықтарды басқару және экологиялық нормаларды сақтау мәселесі әкімдік тарапынан қатаң бақылауға алынатынын жеткізді. Ал жиын соңында экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Қалима Мықтыбекова 2026 жылдың алғашқы 3 айының әлеуметтікэкономикалық даму көрсеткіштеріне талдау жасады.
Оның айтуынша, негізгі индикаторлық көрсеткіштер орындалу үстінде және ауданның экономикалық әлеуетін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі жалғасып келеді. Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Жатқанбаев жауапты бөлім басшыларына жұмыстың сапасын арттырып, берілген тапсырмаларды мерзімінде орындауды жүктеді.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Жуалы ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Кешбэк жайлы не білесіз?
- Бүгін, 16:33
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




