Тараз қаласындағы «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде «Тараз – қолөнершілер қаласы» атты IV халықаралық қолөнершілер фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Ауқымды мәдени іс-шараға алыс-жақын шетелдерден келген шеберлер, сала мамандары, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Фестиваль қонақтарын ұлттық киімдегі арулар мен ардагерлер дәстүрге сай қарсы алып, қазақтың жеті түрлі дәмі ұсынылды. Салтанатты шара барысында ресми ашылу рәсімі ұйымдастырылып, қатысушыларға құттықтау лебіздер жолданды.
Алғашқы құттықтау сөз облыс әкімі Ербол Қарашөкеевке берілді. Өңір басшысы өз сөзінде Тараздың тарихи-мәдени маңызына кеңінен тоқталды.
«Тараз – тек көне шаһар емес. Тараз – уақыттың таңбасын сақтаған, өркениеттер үнін жеткізген, Ұлы Жібек жолының бойында адамзат мәдениетінің алтын арқауына айналған қасиетті мекен. Екі мың жылдан астам тарихы бар қала ғасырлар бойы сан түрлі халықтарды табыстырып, өнер мен дәстүрдің үзілмес желісін қалыптастырды. Сондықтан Тараз – шежіре, Тараз – тағылым, Тараз – рух», – деді аймақ басшысы.
Сонымен қатар ол 2022 жылы Тараздың дүниежүзілік қолөнершілер қалалары тізіміне енуі – ұлттық өнердің халықаралық деңгейде мойындалғанының айқын дәлелі екенін атап өтті.
«Бүгінгі басқосу – мазмұны терең, мағынасы айрықша мәдени кеңістік. Мұнда дәстүр мен жаңашылдық үндесіп, өнер мен шеберлік жаңа деңгейде тоғысып отыр. Әр туындыда тарихтың ізі, әр өрнекте ұлттың жаны жатыр», – деді Ербол Қарашөкеев.
Аймақ басшысы фестивальдің маңызына тоқтала келе, бұл алаң шеберлер арасындағы тәжірибе алмасуға, шығармашылық байланысты нығайтуға мүмкіндік беретінін жеткізді. Сондайақ мұндай шаралар өңірдің туристік тартымдылығын арттырып, қолөнер саласындағы кәсіпкерліктің дамуына серпін беретінін атап өтті.
«Ең маңыздысы – жас ұрпақтың бойында ұлттық өнерге деген қызығушылықты оятып, рухани сабақтастықты бекемдейді», – деді Ербол Шырақпайұлы.
Мұнан кейін Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев сөз сөйлеп, фестивальдің маңыздылығына тоқталды. І с - шара аясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қо сқан үле сі және «Тараз – қолөнершілер қаласы» халықаралық фестивалін ұйымдастыруға белсене атсалысқаны үшін бірқат ар азаматтар марапаттарға ие болды.
Атап айтқанда, Президенттің Алғысымен «Qoloner-Taraz» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Раушан Құндызбаева, Әбдір Сағынтаев атындағы орта мектептің мұғалімі, қолөнер шебері Гаухартас Жолдасбекова, «Келешек-Тараз» ғылымиинтеллектуалдық мектеп-лицейінің мұға лімі, қолөнер шебері Қазым Аманқосов, еңбек ардагері, «Өшпес мұра» Жамбыл облысының қолөнершілер ассоциациясының мүшесі Гүлжазира Құдайбергенова, аталған ассоциацияның төрайымы Гүлнара Абдуллаева және Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің арнайы пән оқытушысы, қолөнер шебері Мақсат Айдарқұлов марапатталды. Ал Президенттің Құрмет грамотасына еңбек ардагері, «Шебер шаңырақ» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің мүшесі Алтыншаш Қаныбетова, «Qoloner-Taraz» қоғамдық бірлестігінің шебері Аманкүл Жантаева және «Заңғар бренд» негізін қалаушы, «Шебер шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Бекзат Өмірбекова ие болды.
Сондай-ақ жиында Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлдара Нұрымова мен «Қазақстан этнодизайнерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің президенті Салтанат Жапарова құттықтау сөз сөйлеп, қолөнер саласының дамуына тілектестік білдірді. Іс-шара барысында ұйымдастырушылар фестивальдің ресми түрде ашылғанын жариялады. Екі күнге жоспарланған мәдени іс-шара аясында қолөнер көрмелері, жәрмеңкелер, шеберлік сағаттары, ғылымипрактикалық кездесулер мен концерттік бағдарламалар өтеді.
Фестивальдің ерекшеліктерінің бірі – ұлттық нақыштағы сән үлгілерінің көрсетілімі болды. Заманауи дизайнерлердің туындылары көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар «Көне Тараз» кешенінің аумағында этноқалашық жасақталып, он киіз үй тігіліп, әрқайсысы белгілі бір тақырыпта безендірілді. Қонақтар үшін қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен, музыкалық аспаптарымен және қолөнер бұйымдарымен танысу мүмкіндігі туды.
Мақпал СҮЙІНБАЙ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




