– Тараз қаласы мен аудандарда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Мұндай жәрмеңке алдағы апталарда да жалғасатын болады. Қала тұрғындары да нарық бағамынан төмен бағада ауыл шаруашылығы өнімін алуға мүмкіндіктері бар. Жәрмеңкеге Тараз қаласының тауар өндірушілерінен бөлек, шаруа қожалықтары да қатысуда. Бүгіннің өзінде маңайдағы елді мекеннен келіп картоп, сәбіз, пияз бен жемісжидектерді саудалап, төмен бағада өткеріп жатқан шаруа қожалық өкілдері де бар, – дейді ол.
Жалпы жәрмеңкеде жалпы құны 16,8 миллион теңгені құрайтын 19,4 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары сатылымға шығарылды. Оның ішінде ет, сүт, қант, жұмыртқа, кондитер, бал, балық, жемісжидек пен көкөніс өнімдері нарық құнынан 10-15 пайызға төмен бағада саудалануда. Жоғарыда аталған ауыл шаруашылығы өнімдерінен бөлек, бұл жәрмеңкеге құс фабрикаларынан 1 мың дана жұмыртқа жеткізілген болатын. Сонымен қатар 0,3 тонна кондитерлік, 0,5 тонна макарон өнімдері, 0,2 тонна тұз, 0,5 тонна қант, 0,2 тонна қарақұмық, 0,5 тонна балық, 2 тонна ұн, 0,3 тонна бал бар. Қала тұрғындары да жәрмеңкеге үйреніп алғаны көрініп тұр. Мұнда апта сайын келіп, өзіне қажетті азық-түлікті балғын күйінде сатып алып жүрген қала тұрғыны Мұрат Айтасты базардан тағы кездестірдік.
«Қала билігіне үлкен рақмет. Қажетті азық-түлік пен балаларға керекті сүт, айран мен ірімшікті осы жерден алатын болдық. Қуанарлығы сол, таңдау мүмкіндігі де жоғары. Қараңызшы, барлық сөре азық-түлікке, көкөніс пен мал өнімдеріне сықа толып тұр. Алушы да, сатушы да дән риза. Өйткені баға жүйелі. Бүгін бес килограмм жылқы етін алдым. Келесі аптаға дейін жетеді», – дейді ол.
Ал шағын жүк көлігіне картоп, пияз бен сәбіз, асқабақ басып келген қала тұрғыны Мақұлбек Жайбасовты да бүгін өз орнынан көрдік. Оның да саудасы қызу жүріп жатқандай. Алдында адам қарасы мол. Сөзге тартқан қала тұрғындары бұл жәрмеңке апта сайын өткізіліп тұрса деген тілектерін қоса жеткізді.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Тараз қаласы
Ұқсас жаңалықтар
Есепші-бухгалтерлер салық нормаларымен танысты
- 7 сәуір, 2026
Солтүстік Қазақстанда ағаш өңдеу зауыты салынады
- 7 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




