Семинарды Жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков ашып, салалық кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттарына тоқталып, семинардың бухгалтерлік есепті жүргізуде біліктілікті арттыру мақсатында ұйымдастырылып отырғанын айтты.
– Білімді жетілдіріп отыру ешуақытта артық болмайды. Әсіресе цифрландыру дәуірінде ақпарат ағынынан қалып қоймау бухгалтер-есепшілер үшін маңызды болып саналады. Өйткені Салық кодексіне де енгізіліп жатқан өзгерістер көп. Қала берді барлық есеп құралдары электронды түрде жүреді. Бұл басқосу арнайы маманның пікірі, кеңесі сіздер үшін жұмыс процесін жеңілдетуге, шеберліктеріңіз бен біліктілікті арттыруға өз септігін тигізеді деген сенімдемін, – деді Ерұлан Сәбенұлы.
Семинар бағдарламасына сәйкес салық саясаты бойынша сарапшы Мұхтар Әбдіқалықовтың «Қазақстан Ре спубликасындағы 2026 жылға арналған Салық кодексіндегі өзгерістер аясында жеке тұлғалардың табыстарына салық салу» тақырыбында оқыған лекциясы қатысушылар арасында қызу талқыланды. Лектор маңызды ақпараттармен бөлісіп, қатысушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға Салық кодексі және басқа да заң баптары бойынша жауап берді. Ал қатысушылар өз тәжірибесінде кездескен ситуациялармен бөлісіп, сұрақ-жауап түрінде пікір алмасты.
Осыдан кейін Жергілікті кәсіподақтың құқықтық инспекция жетекшісі Әлия Жолшыбекова еңбекақы төлеу жөніндегі ережелердегі өзгерістерге тоқталып, кеңес берді. Сондай-ақ материалдық және қайырымдылық көмек, жолдамалар бойынша да толыққанды айтып өтті. Ал Жергілікті кәсіподақтың бас бухгалтері Жанбота Ибраимова салықтық есеп саясатына енгізілген өзгерістер туралы сөз етсе, есепші Айгүл Егембердиева 1С бағдарламасы бойынша практикум өткізді.
Семинар барысында есепші мамандар бір-бірімен тәжірибе алмасып, жаңа салық нормаларын сақтау, жалақы мен материалдық көмектің есебін жүргізу, цифрландыру жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалану жайына басымдық берді.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
167,6 шақырым жол орташа жөндеуден өтеді
- 2 сәуір, 2026
Қарызды уақтылы қайтару – садақа беруден де жақсы
- 31 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




