Іс материалдарына сүйенсек, оқушы ай сайын 68 мың теңге көлемінде оқу ақысын төлейді. Алайда бұл шығындарды осы уақытқа дейін бірге тұрып жатқан әже сі көтеріп келген. Өкінішке қарай, оқушының анасы мен ағасы 2018 жылы өмірден өткен. Осылайша, жасөспірім тағдырдың ауыр жүгін ерте көтеруге мәжбүр болды.
Белгілі болғандай 2008 жылы әке сі екі баласына қатысты атаана құқықтарынан бас тарту туралы нотариалды түрде куәландырылған арыз жазған. Содан бері ол қызымен байланыс орнатпаған, ешқандай материалдық көмек көрсетпеген. Тіпті қызы көмек сұраған сәттерде оның байланыс нөмірін бұғаттап отырғаны да анықталған. Сот процесі барысында әкенің әрекеті қоғамда үлкен резонанс тудырды. Ол алимент мөлшерін азайту мақсатында кәсіпкерлік қызметін жауып, бірден төрт балаға әкелік рәсімдеген. Алайда сот бұл әрекетті әдейі жасалған айла-шарғы деп бағалады.
Тараз қалалық соты істі жан-жақты қарастырып, әкенің әрекеттерін алимент мөлшерін жасанды түрде төмендетуге бағытталған деп таныды. Нәтижесінде, сот оны ай сайын 17 айлық есептік көрсеткіш, яғни 66 844 теңге көлемінде алимент төлеуге міндеттеді.
Облыстық сотта бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды. Енді әкесі қызы мектепті тәмамдағанға дейін белгіленген соманы тұрақты түрде төлеуге міндетті.
Бұл оқиға – ата-аналық міндеттен жалтарудың салдары қандай болатынын көрсететін маңызды мысал. Заң алдында әрбір ата-ана өз баласының алдындағы жауапкершілігін сезінуі тиіс. Ал бұл жағдайда жас қыздың табандылығы мен әділдікке деген сенімі көпке үлгі болары сөз.
Мақпал Сүйінбай
Ұқсас жаңалықтар
Әскери жүйеде жаңа мүмкіндік іске қосылды
- 5 сәуір, 2026
Заң мен тәртіп: Тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді
- 3 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




