«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Биыл 6 750 жұмыс орнын ашу көзделген

Биыл 6 750 жұмыс орнын ашу көзделген
Ашық дереккөз
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен кезекті брифингте облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Самат Төрегелдиев халықты жұмыспен қамту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен негізгі көрсеткіштерге тоқталды.

Спикердің айтуынша, 2026 жылы жұмыспен қамтудың өңірлік карт асы аясында құрылатын жұмыс орындарының жоспары 42 875 болып бекітілген. Есепті кезеңде 4847 жұмыс орны құрылып, жоспар 11,3 пайызға орындалған. Оның ішінде 3283-і тұрақты жұмыс орындары. Мансап орталықтарына 6 099 жас жүгініп, оның 1 947-сі жұмыспен қамту шараларына тартылған. Сонымен қатар «Еңбек.kz» ақпараттық жүйесінде 14442 азамат тіркелсе, оның 4728-і жастар. Жұмысынан айырылып, әлеуметтік төлем алғандар саны 5 394 адамды құраған.

Жыл басынан субсидияланатын жұмыс орындарына 741 адам тартылып, жоспар 9,2 пайызға орындалған. Ал Президент тапсырмасына сәйкес, 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құру жоспары бойынша биыл 6750 жұмыс орнын ашу көзделсе, бүгінгі күнге 1396 жұмыс орны құрылып, көрсеткіш 20,7 пайызға жеткен.  Халықты жұмыспен қамтудың тиімді тетіктерінің бірі – қайтарымсыз гранттар беру. Биыл облыс бойынша 820 азаматқа грант беру жоспарланған. Айта кету керек, құжат қабылдау үдерісі толық автоматтандырылған. Сондай-ақ жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқыту бағытында 1085 адамды қамту көзделген. Оның ішінде 750 адам білім беру ұйымдарында, 335 адам жұмыс орындарында оқытылады. Оқуды аяқтаған азаматтарды жыл соңына дейін тұрақты жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, «Skills Enbek» порталы арқылы 2 820 адамды онлайн оқыту жоспарланса, бүгінгі күнге 725 адам жолданып, оның 121-і сертификат алған. Ал «Бастау-Бизнес» жобасы аясында 593 адам оқуға жіберіліп, 173-і сертификат иеленген. Жалпы, жаңа мамандық алуға ниетті азаматтарға кең мүмкіндік қарастырылған, оқу курстарының ұзақтығы 37-40 сағатты құрайды.

Жыл бойы 15 мыңнан астам жұмыссызды қамти отырып, 120 бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу жоспарланған. Қазіргі таңда Тараз қаласы мен аудандық мансап орталықтары 20 жәрмеңке өткізіп, нәтижесінде 278 адам жұмыспен қамтылған. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өңірлік еңбек нарығында тұрақтылық сақталып, бірінші тоқсанда жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құраған. Жалпы, басқармаға бекітілген межелер мен көрсеткіштердің барлығы есепті кезең қорытындысымен  толық орындалады деп күтілуде.

Мақпал СҮЙІНБАЙ

Ұқсас жаңалықтар