«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Заң мен тәртіп: Тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Заң мен тәртіп: Тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді
ҚАЖ
Бүгін өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 мекемесіндегі сотталғандарға Қылмыстық Кодекстің 296 және 297 баптарына сәйкес тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен аймақтық ҚАЖ деепартаментінің №26 мекемесі арасындағы жоспарға сәйкес ұйымдастырылған жиын барысында тәртіп сақшылары елімізде нашақорлыққа қарсы күрес күшейгенін атап өтті.

Естеріңізде болса, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылдың 27 желтоқсанында есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңға қол қойған еді. Бұл заң 2025 жылдың 3 наурызынан бастап күшіне енді. Ал бұл заңға енгізілген өзгертулерге сәйкес, есірткі бизнесін ұйымдастырушылар және есірткі таратушылар, оның ішінде «есірткі жасырушылар» үшін қылмыстық жауапкершілік бөлінген. Егер олар үшін Қылмыстық Кодекстің 297-бабы бойынша бірыңғай жаза қолданылған болса, енді есірткі жасырушылар сол 297 бабы бойынша бірақ төмендетілген санкциялармен тартылатын болады. Бұған дейін қылмыстық жауапкершілік тек прекурсорлардың контрабандасы үшін көзделген. Аталған өзгерістер прекурсорлар мен күшті әсер ететін заттардың айналымына бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді. 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды құрайды, бұрын 10 жылдан 15 жылға дейін болған.

Ұқсас жаңалықтар