Экобокс мәселесіне әкімдер неге енжар қарап отыр?
- author «Ақ жол»
- Бүгін, 10:58
- 45
– Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды бастама. Елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет. Сондықтан әрбір тұрғын бұл іске бейжай қарамай, белсенді қатысуы тиіс, – деді Ербол Шырақпайұлы.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша облыс әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Еркін Алтишев баяндама жасап, өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды. Еркін Оразұлының айтуынша, «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасының өңірлік жоспары аясында 2030 жылға дейін 47 іс-шара жоспарланған. 2025 жылға арналған 36 іс-шараның 35-і толық орындалған.
– Жоспардың 6-тармағына сәйкес жасыл желектерді түгендеу және цифрландыру жұмыстары қарастырылған. Қазіргі таңда бұл жұмыстар Тараз қаласында жүргізіліп,арнайы taraz. botsad.kz платформасында дерекқор қалыптастырылды. Алайда Жаңатас, Қаратау және Шу қалаларында бұл бағыттағы жұмыстар әлі басталған жоқ. Бүгінгі күнге дейін акцияға 15,6 мың адам және 840 кәсіпорын мен мекеме қатысты.
Іс-шара аясында 29,6 мың жасыл желек отырғызылып, 1,1 мың шақырым көше жолдары, 318 шақырым арық жүйелерімен каналдар тазартылды. Сонымен қатар 68,8 мың шаршы метр саябақтар мен скверлер аумағы ретке келтіріліп, 1,3 мың тонна күл-қоқыс шығарылды. Жергілікті полиция қызметімен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы код е кс і н і ң 5 0 5 ж ә н е 434-баптарына сәйкес 38,7 мың құқық бұзушылық дерегі тіркеліп, жалпы 229,2 миллион теңге айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» акциясының ақпараттық сервисі бойынша Telegramбот арқылы жыл басынан бері 237 өтінім түсті. Оның 220-сы уақытында қаралып, 14 өтінім иелеріне кері қайтарылды, 3 өтінім қаралу үстінде. Өтінімдер бойынша шағымдар туындаған жағдайда олар автоматты түрде Экология және табиғи ресурстар министрлігінің платформасына жолданады.
Жалпы 50 мыңға жуық ағаш отырғ ызу көзделген. Осы уақытқа дейін «Тазарту күні» және «Мөлдір бұлақ» акциялары өткізілді. Сондай-ақ 28 наурыз күні «Жер сағаты» халықаралық акциясы ұйымдастырылды. Ал 25 сәуірде «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» шеңберінде 10 мыңнан аса көшет отырғызылады. Жүргізілген зерделеу жұмыстары барысында бірқатар кемшілік байқалды. Елді мекендер аумақтарында, жол бойларында, кәсіпкерлік нысандар мен тұрғын үйлер маңында кездейсоқ қоқыс орындары анықталды.Сонымен қатар арық жүйелерінің тазаланбағаны, жол бойындағы инфрақұрылымның ретке келтірілмегені белгілі болды. Атап айтқанда, Тараз қаласының бірқатар көшесінде, Байзақ, Жамбыл, Жуалы аудандарының ауылдарында о сындай жағдайлар тіркелген. Қазіргі таңда оларды жою жұмыстары жүргізілуде, нәтижесі бойынша қайта зерделеу жүргізіледі, – деді Еркін Алтишев.

Баяндаманы тыңдаған облыс әкімі Ербол Қарашөкеев облыс әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Момынқұлұлына нақты сауал жолдады.
– Қазіргі таңда Тараз қаласының Жібек жолы ауданында 2 экобокс, Әулиеата ауданында тағы 2 экобокс қойылған. Ал қалған аудандарда бұл жұмыстар әлі жүргізілмеген. Сонымен қатар былтыр орнатылуы тиіс екі пантомат та дайын емес. Қандай кедергілер бар? – деп сұрады облыс әкімі. Бауыржан Момынқұлұлы ө з ж ауа б ы н д а қ а р ж ы тапшылығын негізгі себеп ретінде атады. Бұл сауалды Тараз қаласының әкімі
Бақытжан Орынбеков те тыңдап, жағдайды толық түсіндірді.
– Қаладағы базарлар мен сауда аймақтарына 9 экобокс орнатылды. Бұл жұмыстар бюджет қаражатына емес, кәсіпкерлердің қаражатына жүзеге асырылды. Алдағы уақытта тиісті жұмыстар жалғасуда, – деді қала әкімі.
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев акцияның сапалы өтуімен абаттандыру жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстау маңызды екенін атап өтті.
– Барлық іс-шараларды сапалы және уақытылы жүргізу – біздің басты міндетіміз. Жасыл желектерді отырғызу, экобокстармен пантоматтарды дер кезінде орналастыру, санитарлық тазалықты қамтамасыз ету әрқайсысымыздың жауапкершілігімізде. Алдағы акцияларға еріктілерді,белсенді тұрғындарды және кәсіпкерлерді тарту арқылы жасыл желектердің санын арттыру жоспарланып отыр. Бұл тек қоршаған ортаны қорғау емес, халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға да үлес қосады, – деді облыс әкімі.
Сонымен қатар өңір басшысы барлық жауапты тұлғаларға ақпараттық сервистер арқылы түскен өтінімдерді мұқият қарауды, деректерді сапалы енгізуді және жоспарланған ісшаралардың орындалуын бақылауды тапсырды.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




