Нарша Қашағанұлы Жамбыл облысы, Талас ауданына қарасты Ойық ауылында дүниеге келген.
Әр жылдары Байзақ, Жамбыл және Талас аудандық газеттерінде аудармашы, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, «Шапағат» ұлттық газетінің бас редакторы болып қызмет атқарған. Талас аудандық әкімдігі Тіл басқармасының бастығы, ұлт саясаты жөніндегі комитет төрағасы, аудандық мәдениет басқармасының бастығы болды. Бірнеше аймақтық және республикалық жыр бәйгелерінің жүлдегері.
1998 жылы алғашқы «Өлеңге менің дағы бар таласым» атты жыр кітабы республикалық «Санат» баспасынан жарыққа шықты.
Сазгер Әуезхан Салабеков ақынның «Хат жазып тұр», «Анда-санда», «Мен енді өмірге ғашықпын», «Бақыттымыз бәріміз», «Анама» өлеңдеріне әндер жазды.
1999 жылы аталмыш баспадан «Аманатқа адалдық» (Ә.Көпбергенмен бірге) атты сыр-сұхбат кітабы жарық көрген. Одан кейінгі жылдарда әртүрлі баспалардан «Жақсылық жаса адамға», «Туған ел тұлғалары» атты кітаптары басылып шықты. Көптеген эсселері, әдеби портреттер мен мақалалары республикалық басылымдарда жарияланған.
Ақиқ ақын Нарша Қашағановтың шығармашылық мұрасындағы тарихи тұлғаларға арналған жырлары өмірдің айшықты оқиғаларына негізделген. Әсіресе, Бөлтірік шешен, Есей би және Саурық батыр жайындағы жырлары, батыр Бауыржанға арналған отты өлеңдері оқырман жадында мәңгі сақталары хақ.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




