Тұсаукесер барысында желінің қазірдің өзінде 120 ауылда іске қосылғаны және 120 базалық станция орнатылғаны айтылды. Бұл жоба 67 мыңнан астам үй шаруашылығын немесе 260 мыңға жуық тұрғынды қамтып отыр. Интернеттің орташа жылдамдығы — 50–80 Мбит/с.
«Ауылдық елді мекендерді сапалы интернетпен қамту — министрліктің басты міндеттерінің бірі. Байланыс операторларымен бірлескен жұмыстың нәтижесінде FWA сияқты заманауи технологиялық шешімдер енгізілуде. Бұл шалғай ауылдарды жедел қосуға және цифрлық теңсіздікті жоюға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.
Шараның ең маңызды сәті министрдің қатысуымен желінің символикалық түрде іске қосылуы болды. Интерактивті картадағы нүктелер белсенді күйге ауысқан соң, желіге қосылған 10 ауылдың тұрғындарымен тікелей бейнебайланыс орнатылды. Байланыс сапасының тұрақтылығы нақты уақыт режимінде дәлелденді.
«Бұрын интернет әлсіз әрі тұрақсыз болғандықтан, заманауи білім беру ресурстарын пайдалану қиын еді. Қазір біз онлайн оқып, біліктілігімізді арттыруға және оқушыларға жаңа мүмкіндіктер ашуға жағдай жасадық», — деді Есбол ауылының тұрғыны, жергілікті мектеп мұғалімі Абутайр Алихан.
Жиын соңында Телекоммуникациялар комитеті мен «Ауыл Телеком» ЖШС арасында ауылдық аймақтарда цифрлық инфрақұрылымды одан әрі кеңейтуге бағытталған ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
Ұқсас жаңалықтар
Байланыс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді
- 21 наурыз, 2026
«ҚазМұнайГаз» акциялары тарихи максимумға жетті
- 20 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




