– 2026 жылдың 1 қаңтарынан 20 наурыз аралығында көші-қон саласында жүйелі жұмыстар жүргізілді. Келушілердің 100 пайызы ТМД елдерінің азаматтары. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 940 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 269 адам Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды. Салыстырмалы түрде, 2025 жылдың осы кезеңінде 1048 адам жауапкершілікке тартылып, 267 адам елден шығарылған болатын. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 940 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 269 адам Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды, – дейді Арай Данабекқызы.

Сондай-ақ құзырлы орган өкілінің айтуынша, шетел азаматтарын қабылдаушы жеке және заңды тұлғалар тарапынан заң бұзушылықтар да анықталған. Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша 189 Қазақстан азаматы жауапкершілікке тартылды. Ал заңсыз еңбек көші-қонын ұйымдастырғаны үшін 43 азамат әкімшілік жауапқа тартылды. Иммиграциялық заңнаманы бұзу фактілері бойынша 4 қылмыстық іс қозғалды.
Айта кетейік, қазіргі таңда облыста 6 549 шетелдік тұрақты тұруда.
Ұқсас жаңалықтар
Тараздық жас ҚАЖ қызметкерлері тал отырғызды
- 19 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




