«Сән толқыны» байқауында халықтың киіну мәдениеті таныстырылды
- author «Ақ жол»
- 22 наурыз, 2026
- 559
Тараз қаласының білім бөлімі және осы бөлімнің техникалық шығармашылық орталығы бірлесіп ұйымдастырған байқау бірнеше номинациялар бойынша өтті. «Ұлттық киімдер», «Кешкі көйлектер», «Іскерлік костюмдер», «күнделікті киетін киімдер», «Аксессуарлар», «Менің армандаған көйлегім» атты эскиз салу номинациялары бойынша Тараз қаласының жалпы білім беретін мектептерінің, гимназияларының оқушылары, қосымша білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілері қатысты.
Байқауға қатысушылар 11-14 жас аралығындағы, яғни 5-8 сынып және 15-17 жастағы 9-11-сынып оқушылары болып, 2 негізгі жастық топқа бөлінді. Байқауға қала бойынша 54 қатысушы өтініш білдірген. Оның ішінде 23 қатысушы техникалық шығармашылық орталығынан, №8 гимназиядан 4, №28 мектептен 3, №53 мектептен 11, №54 мектептен 1, №56 мектептен 2, №67 мектептен 8, № БЖШО-дан 2 үміткер қатысты. Ал байқау қонағы ретінде Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің «Дизайн» бөлімі білімгерлерінің «Деним» ұранындағы заманауи этно – стиліндегі тобы өз өнерлерін көрсетті.
Марапаттау рәсімі әр бөлім бойынша және әр жастық топ бойынша жүргізілді.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




